https://sputnik.kz/20230528/italiyalyqtar-qazaqtyn-ulttyq-kiimi-men-zergerlik-onerine-tanti-boldy-35363928.html
Италиялықтар қазақтың ұлттық киімі мен зергерлік өнеріне тәнті болды
Италиялықтар қазақтың ұлттық киімі мен зергерлік өнеріне тәнті болды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 28 мамыр – Sputnik. Италияның астанасы – Рим қаласында қазақстандық дизайнерлер мен зергерлердің топтамалары таныстырылды, деп хабарлайды Sputnik... 28.05.2023, Sputnik Қазақстан
2023-05-28T12:04+0500
2023-05-28T12:04+0500
2023-05-28T12:12+0500
италия
киім-кешек
қазақ
https://sputnik.kz/img/07e7/05/1b/35354815_0:285:853:765_1920x0_80_0_0_f5f6182dc4e12f353703ca9623cd71df.jpg
АСТАНА, 28 мамыр – Sputnik. Италияның астанасы – Рим қаласында қазақстандық дизайнерлер мен зергерлердің топтамалары таныстырылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап. Қазақстанның елшілігінде ұйымдастырлған шараға итальяндық дизайнерлер, өнертанушылар, суретшілер, дипломатиялық корпус өкілдері, журналистер және тағы басқа 100-ден астам жиналды. Топтамалардың таныстырылымы "Салт-дәстүр және заманауи Қазақстан – ғасырлар тоғысында" тақырыбымен өтті. "Осы шараның негізгі мақсаты – итальяндық аудиторияны сәндік-қолданбалы өнерде болып жатқан үрдістер арқылы Қазақстанның ұлттық салт-дәстүрімен таныстыру, себебі ол кез келген мәдениеттің құрамдас бөлігі және қалыптасу құралы болып табылатын бірегей тарихты, дәстүрді және ұлттық мұраны бейнелейді", - дейді ұйымдастырушылар. Таныстырылым кезінде алдымен "Tekemet-Syrmak" компаниясының киізден жасалған бұйымдары көрсетілді. Соның ішінде заманауи технологиямен үйлестірілген дәстүрлі қолөнер арқылы жасалған шапандар мен шарфтар бар. Одан кейін қазақстандық сәнгерлер көпшілік назарына Еуразиялық дизайнерлер одағының мүшесі, белгілі суретші-зергер Нұрдос Әлиасқаровтың әшекей бұйымдарын ұсынды. Ұлттық нақышта жасалған сырға, білезік сынды әйелдердің түрлі әшекейлері көрсетілді. Ал этно-дизайнер Тәрбия Айдымбаеваның әйелдер мен ерлер шапандарының топтамасын шығарды Таныстырылым қалыңдықтың дәстүрлі той киімін көрсетумен аяқталды. Қонақтар сондай-ақ кілем және басқа да киізден жасалған бұйымдар көрмесін тамашалады. Қонақтарға концерттік бағдарлама да ұсынылды. Қазақстандық студенттер А. Бабағұлова, А. Қадыржанов және Т. Құралов атақты қазақ композиторларының күйлерін орындады. Ал опера әншісі Л. Әли "Бұлбұл" әнін шырқады. Халқымыздың ұлттық киімдерін Италия университеттерінде оқитын қазақстандық студенттер көрсетті.
италия
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/05/1b/35354815_0:205:853:845_1920x0_80_0_0_769f373d7c859ab63cf0ed93bd582235.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
италия, киім-кешек, қазақ
италия, киім-кешек, қазақ
АСТАНА, 28 мамыр – Sputnik. Италияның астанасы – Рим қаласында қазақстандық дизайнерлер мен зергерлердің топтамалары таныстырылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.
Қазақстанның елшілігінде ұйымдастырлған шараға итальяндық дизайнерлер, өнертанушылар, суретшілер, дипломатиялық корпус өкілдері, журналистер және тағы басқа 100-ден астам жиналды. Топтамалардың таныстырылымы "Салт-дәстүр және заманауи Қазақстан – ғасырлар тоғысында" тақырыбымен өтті.
"Осы шараның негізгі мақсаты – итальяндық аудиторияны сәндік-қолданбалы өнерде болып жатқан үрдістер арқылы Қазақстанның ұлттық салт-дәстүрімен таныстыру, себебі ол кез келген мәдениеттің құрамдас бөлігі және қалыптасу құралы болып табылатын бірегей тарихты, дәстүрді және ұлттық мұраны бейнелейді", - дейді ұйымдастырушылар.
Таныстырылым кезінде алдымен "Tekemet-Syrmak" компаниясының киізден жасалған бұйымдары көрсетілді. Соның ішінде заманауи технологиямен үйлестірілген дәстүрлі қолөнер арқылы жасалған шапандар мен шарфтар бар.
Одан кейін қазақстандық сәнгерлер көпшілік назарына Еуразиялық дизайнерлер одағының мүшесі, белгілі суретші-зергер Нұрдос Әлиасқаровтың әшекей бұйымдарын ұсынды. Ұлттық нақышта жасалған сырға, білезік сынды әйелдердің түрлі әшекейлері көрсетілді.
Ал этно-дизайнер Тәрбия Айдымбаеваның әйелдер мен ерлер шапандарының топтамасын шығарды Таныстырылым қалыңдықтың дәстүрлі той киімін көрсетумен аяқталды. Қонақтар сондай-ақ кілем және басқа да киізден жасалған бұйымдар көрмесін тамашалады.
Қонақтарға концерттік бағдарлама да ұсынылды. Қазақстандық студенттер А. Бабағұлова, А. Қадыржанов және Т. Құралов атақты қазақ композиторларының күйлерін орындады. Ал опера әншісі Л. Әли "Бұлбұл" әнін шырқады. Халқымыздың ұлттық киімдерін Италия университеттерінде оқитын қазақстандық студенттер көрсетті.