https://sputnik.kz/20240716/qaterli-isikke-qarsy-darini-synaqtan-otkizudin-ekinshi-kezeni-bastaldy-45671365.html
Қатерлі ісікке қарсы дәріні сынақтан өткізудің екінші кезеңі басталды
Қатерлі ісікке қарсы дәріні сынақтан өткізудің екінші кезеңі басталды
Sputnik Қазақстан
Қазақстанда әзірленген онкологияны емдеуге арналған препарат адамдарға клиникалық сынақ жүргізудің бірінші кезеңінен сәтті өткен 16.07.2024, Sputnik Қазақстан
2024-07-16T14:20+0500
2024-07-16T14:20+0500
2024-07-16T14:20+0500
қатерлі ісік
дәрі-дәрмек
https://sputnik.kz/img/07e7/07/1b/37039077_0:160:3072:1888_1920x0_80_0_0_7a458336b381d68b0a6a3c5e544d8f3d.jpg
АСТАНА, 16 шілде - Sputnik. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен брифинг барысында елімізде қатерлі ісікке қарсы отандық дәрі-дәрмектерді клиникалық сынақтан өткізудің екінші кезеңі басталғанын хабарлады.Министрдің айтуынша, Қазақстанда әзірленген онкологияны емдеуге арналған препарат адамдарға клиникалық сынақ жүргізудің бірінші кезеңінен сәтті өткен. Зерттеуге онкологиямен ауыратын 15 науқас қатысқан.Онкологияның ең агрессивті түрлерінің бірі — тоқ ішек қатерлі ісігінің IV сатысы анықталған науқастар ерікті ретінде қатысқан клиникалық сынақтардың бірінші кезеңінің нәтижесі бойынша препарат тиімділігін көрсеткен. Ісіктің қалыптасуы орта есеппен 30%-ға азайды.Екінші кезең түрлі қатерлі ісігі бар адамдарға дәрі-дәрмекті тексеріп көруді қамтиды. Сынақ Астана, Алматы және Павлодарда өткізіледі.Еске сала кетейік, бұған дейін Nazarbayev University-ге барған кезде Премьер-Министр Олжас Бектенов жас ғалымдардың, оның ішінде National Laboratory Astana зерттеу тобының әзірлемелерімен танысты. Қатерлі ісікке қарсы тиімді дәрі жасау — мамандардың ең амбициалы жобаларының бірі.
https://sputnik.kz/20240123/qazaqstandyq-galym-qaterli-isikke-qarsy-biregey-preparat-zhasap-shygardy-41758740.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/07/1b/37039077_171:0:2902:2048_1920x0_80_0_0_3cd456804d1a6a0c599afa3d13c14197.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қатерлі ісік, дәрі-дәрмек
қатерлі ісік, дәрі-дәрмек
Қатерлі ісікке қарсы дәріні сынақтан өткізудің екінші кезеңі басталды
Қазақстанда әзірленген онкологияны емдеуге арналған препарат адамдарға клиникалық сынақ жүргізудің бірінші кезеңінен сәтті өткен
АСТАНА, 16 шілде - Sputnik. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен брифинг барысында елімізде қатерлі ісікке қарсы отандық дәрі-дәрмектерді клиникалық сынақтан өткізудің екінші кезеңі басталғанын хабарлады.
Министрдің айтуынша, Қазақстанда әзірленген онкологияны емдеуге арналған препарат адамдарға клиникалық сынақ жүргізудің бірінші кезеңінен сәтті өткен. Зерттеуге онкологиямен ауыратын 15 науқас қатысқан.
"1 шілдеден бастап тестілеудің екінші кезеңі басталды. Клиникалық сынаққа 3 мыңға жуық адам қатысады. Барлығы 5 мыңнан астам онкологиялық науқас сынаққа қатысуға ниет білдіріп, тіркелді. Қаражат Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның шешімімен қарастырылған – зерттеу тобына екінші кезеңді жүргізуге шамамен 2 млрд теңге тамыз айында аударылады. Жыл соңына дейін біз барлық деректі өңдейміз. Келесі жылы дәрі-дәрмекті тіркеуге шығарамыз деген сенімдеміз", — деді Саясат Нұрбек.
Онкологияның ең агрессивті түрлерінің бірі — тоқ ішек қатерлі ісігінің IV сатысы анықталған науқастар ерікті ретінде қатысқан клиникалық сынақтардың бірінші кезеңінің нәтижесі бойынша препарат тиімділігін көрсеткен. Ісіктің қалыптасуы орта есеппен 30%-ға азайды.
Екінші кезең түрлі қатерлі ісігі бар адамдарға дәрі-дәрмекті тексеріп көруді қамтиды. Сынақ Астана, Алматы және Павлодарда өткізіледі.
Еске сала кетейік, бұған дейін Nazarbayev University-ге барған кезде Премьер-Министр Олжас Бектенов жас ғалымдардың, оның ішінде National Laboratory Astana зерттеу тобының әзірлемелерімен танысты. Қатерлі ісікке қарсы тиімді дәрі жасау — мамандардың ең амбициалы жобаларының бірі.