Қазақстандық ғалым қатерлі ісікке қарсы бірегей препарат жасап шығарды

© Sputnik / Болат ШайхиновЛаборатория Назарбаев университета
Лаборатория Назарбаев университета - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.01.2024
Жазылу
Қатерлі ісікке шалдыққан он бес науқас сынақтың бірінші кезеңінен өткен
АСТАНА, 23 қаңтар – Sputnik. Қазақстандық биотехнолог қатерлі ісікке қарсы бірегей препарат ойлап тапты. Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Биотехнолог Дос Сарбасов ұзақ уақыт Техас онкология университетінің Андерсон зертханасында жұмыс істеген. Ол жасушалық тамақтануға маманданған. Ол қатерлі ісік жасушаларының қоректік процесін бұзатын әдісті ойлап таба алды. Бұл – онкологиялық аурулармен күресудің инновациялық тәсілі", - деді Саясат Нұрбек үкіметте өткен брифингте.
Министрдің айтуынша, әлемде бұл препараттың аналогы әлі жоқ. Дәріні ең алдымен қояндар мен тышқандарға сынаған. Сосын онкология университетінде қатерлі ісікке шалдыққан 15 адам сынақтың бірінші кезеңінен өтті.
Саясат Нұрбек бірегей препаратты келесі жылы нарыққа шығару жоспарланып отырғанын атап өтті.
Жаңалықтар
0