Алматыда автобус пен жүк көлігі соқтығысып, тоғыз адам зардап шекті

© Sputnik/Ертай СарбасовАвтобус врезался в магазин рядом с ТРЦ MEGA Park на пересечении улиц Макатаева и Сейфуллина
Автобус врезался в магазин рядом с ТРЦ MEGA Park на пересечении улиц Макатаева и Сейфуллина - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.07.2024
Жазылу
Автобус жеке тұрғын үйдің қоршауына соғылған
АСТАНА, 16 шілде – Sputnik. Алматы қаласында автобус пен жүк көлігі аялдамада соқтығысып, тоғыз адам зардап шекті.
Жол апаты бүгін сағат 09:15-те Алматының Наурызбай ауданында болған.
Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, Әшімов көшесі бойымен солтүстік бағытта келе жатқан жүк көлігінің жүргізушісі Шаляпин көшесінің солтүстігіндегі аялдамаға тоқтаған №137 бағыттағы қоғамдық көлікпен соқтығысқан.
"Инерция салдарынан автобус жолдың шығыс жағына шығып кетіп, жеке тұрғын үйдің қоршауына соғылған. Алдын ала мәлімет бойынша, жол апаты салдарынан автобустың 9 жолаушысы зардап шекті", - делінген полиция хабарламасында.
Қазіргі кезде жол апатының мән-жайы анықталып жатыр.
Айта кетері, 26 маусымда Алматының Алмалы ауданында автобус Мақатаев-Сейфуллин көшелерінің қиылысында жеңіл көлікпен соқтығысып, ғимаратқа соғылған болатын. Апат салдарынан 1 адам көз жұмған еді.
Автобус врезался в магазин рядом с ТРЦ MEGA Park на пересечении улиц Макатаева и Сейфуллина - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.06.2024
Алматыдағы автобус апаты: зардап шеккендер саны 25 адамға жетті
Жаңалықтар
0