Алматыдағы автобус апаты: зардап шеккендер саны 25 адамға жетті

© Sputnik/Ертай СарбасовАвтобус врезался в магазин рядом с ТРЦ MEGA Park на пересечении улиц Макатаева и Сейфуллина
Автобус врезался в магазин рядом с ТРЦ MEGA Park на пересечении улиц Макатаева и Сейфуллина - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.06.2024
Жазылу
Зардап шеккендердің арасында дене жарақаты мен сынық жарақатын алған үш жасөспірім бар
АСТАНА, 26 маусым – Sputnik. Алматыда жолаушылар автобусының қатысуымен болған жол апатынан зардап шеккендер саны 25 адамға жетті.
Қалалық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, 18 бағыттағы автобустың қатысуымен болған жол апаты салдарынан бір жәбірленуші жедел медициналық жәрдем бригадасы келгенше көз жұмды.
Екеуіне сол жерде медициналық көмек көрсетіліп, амбулаторлық емдеуге жіберілді.
22 адам қалалық ауруханаларға жатқызылды, олардың жағдайы орташа ауыр деп бағалануда. Зардап шеккендердің арасында 14, 15 және 16 жастағы үш жасөспірім бар, олардың денелері көгеріп, сынық жарақаттарын алған.
"Олардың да жағдайы орташа ауырлық деп бағалануда: бір баланың тізесі мен ішіне зақым келген, екіншісінің мұрын сүйектері жабық сынған, ал үшіншісінің оң жақта асықты жілігі жабық сынған", - деп хабарлады қалалық денсаулық сақтау басқармасындағылар.
Ауруханаға жатқызылғандардың барлығы тексеріліп, ем қабылдап жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, сағат 14:20 шамасында қаланың Алмалы ауданында автобус Мақатаев-Сейфуллин көшелерінің қиылысында жеңіл көлікпен соқтығысып, ғимаратқа соғылған болатын.
Жаңалықтар
0