Оқиға

"Төрт айда төрт тергеуші ауысты": қайтыс болған студенттің туыстары полицияға наразы

© Sputnik / Абзал КалиевҚылмыстық іс
Қылмыстық іс - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.07.2024
Жазылу
АСТАНА, 14 шілде - Sputnik. Талдықорғанда жатақханада қайтыс болған студенттің туыстары полицияға наразы. Өйткені қылмыстық іс дұрыс қозғалмады, дейді олар. Оқиғаның мән-жайын Sputnik Қазақстан тілшісі білді.
28 ақпанда Талдықорғандағы инновациялық колледждің 16 жастағы студенті Зарина Берікқызы жатақханада қайтыс болған. Марқұмның туыстары қылмыстық іс әлі дұрыс тергелмей жатыр дейді.
"Заринадан біреулер 45 мың теңге күштеп алды дегенді естідік. Аты аталған студенттерден ғана сұрақ жауап алынған, жатақханадағы қалған студенттер сұралмаған. 16 жаста, кәмелетке толмағандықтан тегін адвокат болу керек екен, ол бізге берілмеді. Қазіргі күні 4 тергеуші ауысты. Бірі ауырып қалды, біреуі бала күтіміне байланысты еңбек демалысына кетті, үшіншісі түк бітірмей отыр, сұрақ қойсаң, "білмеймін" деп жауап береді. Керісінше оқиғаны өзімнен сұрайды. Төртінші тергеуші де түк бітірмей отыр", - дейді марқұм студенттің әпкесі Айым Жимбек.
Марқұмның туыстарының айтуынша, сәуірден бері прокуратура, полиция басқармасы, тергеу бөлімі бастықтарының есігін қағып шаршаған.
"Қайталап экспертиза жасатуға талапарыз бердік, бірақ экспертиза кезінде алынған және қазір моргте тұрған пакеттегі затты әлі күнге Алматыға жібере алмай отырмыз. 4 ай бойы тергеушілер оқиға болған кезде жедел жәрдеммен барған федьдшерлерден жауап алмады. Олардың сол жедел жәрдеммен барған кезде қолдарында арнайы медициналық құрылғылары да болмаған", - дейді Айым Жимбек.
Қызынан айрылып қан жұтқан қаралы отбасына тергеу жұмыстары да соққы болған.
"4 ай бойы Алматының экспертизасына жіберілмеу деген сұмдық қой. Сәйкесінше іс те бір орында тұр. Полиция басқармасының соңғы берген тергеушілері үнемі "нарядтамын" деп жауап береді. Мен қайда барарымды білмеймін, полиция мамандары дұрыс жауап бермейді", - дейді Айым Жимбек.
Ал полиция Sputnik Қазақстан тілшісінің сауалына эспертизаның қайта жасалады деп жауап берді.
"Осы қылмыстық іс бойынша барлық сараптамалар толық көлемде жүргізілді. Жәбірленушілер нәтижелермен келіспегендіктен, қайтадан сот-медициналық сараптама жүргізілетін болады. Нәтижесінде түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады", - дейді ведомство өкілдері.
Еске сала кетейік, Талдықорғандағы инновациялық колледжінің студенті бес ай бұрын жатақханада қайтыс болды. Ол өмірден озардан санаулы сағат бұрын анасымен сөйлескен. Арада жарты сағат өтпей анасы жасөспірімнің жағдайы нашарлағанын, артынан қайтыс болғанын естиді.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.12.2023
Өңірлер
Студент өлімі: "Фосфоршылар" сарайының маңында полиция патрулі кезекшілік еткен
Жаңалықтар
0