https://sputnik.kz/20231219/student-olimi-fosforshylar-sarayynyn-manynda-politsiya-patruli-kezekshilik-etken-41028121.html
Студент өлімі: "Фосфоршылар" сарайының маңында полиция патрулі кезекшілік еткен
Студент өлімі: "Фосфоршылар" сарайының маңында полиция патрулі кезекшілік еткен
Sputnik Қазақстан
Шымкент әкімінің айтуынша, ескі мәдениет үйінің ғимаратына бірнеше студент кірген 19.12.2023, Sputnik Қазақстан
2023-12-19T10:31+0500
2023-12-19T10:31+0500
2023-12-19T10:31+0500
өңірлер
шымкент
студент
https://sputnik.kz/img/1168/07/11680723_0:50:3465:1999_1920x0_80_0_0_1bce76450b6fbb9079dea0b086996722.jpg
АСТАНА, 19 желтоқсан – Sputnik. Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбеков "Фосфоршылар" сарайында болған қайғылы оқиғаның мән-жайын айтты.Оның айтуынша, бірнеше студент "Фосфоршылар" сарайына кірген. Алдын ала ақпарат бойынша, жігіттердің бірі екінші қабатқа көтерілген кезде төбенің бір бөлігі құлап, үйінді астында қалған. Арнайы техниканың көмегімен және құтқарушылардың күшімен жас жігіттің денесі үйінді астынан шығарылды.Қала әкімі қазір ғимарат аумағында полиция экипаждарынан посттар қойылғанын атап өтті.Шымкент басшысы ата-аналарды бос тұрған объектілерге, құрылысы жүріп жатқан, сондай-ақ қайта құру сатысындағы нысандарға бармау туралы балаларға түсіндіру жұмыстарын жүргізуге шақырды.Бұған дейін Шымкентте ескі мәдениет үйінің төбесі опырылып, 18 жастағы студент көз жұмғаны хабарланды. Марқұм ғимаратта курстастарымен бірге болған."Отырар" басылымының ақпаратынша, бұл ғимарат кәсіпкер Тоқтар Төлешовқа тиесілі болған. Ұзақ сот процесінен кейін ғимарат 2023 жылғы 13 қарашада мемлекет балансына өткен.Ғимараттың төбе жабындысының жартысы жоқ болған, сондай-ақ металл құрылғылар кесілген. Бұл ғимаратты реконструкциялап, жастар сарайына айналдыру жоспарланған.
https://sputnik.kz/20231219/shymkentte-madeniet-uyi-qulap-bir-adam-koz-zhumdy-41025350.html
шымкент
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1168/07/11680723_367:0:3098:2048_1920x0_80_0_0_1d63204307c6b7546b747a484ab2268d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шымкент, студент
Студент өлімі: "Фосфоршылар" сарайының маңында полиция патрулі кезекшілік еткен
Шымкент әкімінің айтуынша, ескі мәдениет үйінің ғимаратына бірнеше студент кірген
АСТАНА, 19 желтоқсан – Sputnik. Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбеков "Фосфоршылар" сарайында болған қайғылы оқиғаның мән-жайын айтты.
Оның айтуынша, бірнеше студент "Фосфоршылар" сарайына кірген. Алдын ала ақпарат бойынша, жігіттердің бірі екінші қабатқа көтерілген кезде төбенің бір бөлігі құлап, үйінді астында қалған. Арнайы техниканың көмегімен және құтқарушылардың күшімен жас жігіттің денесі үйінді астынан шығарылды.
"Марқұмның отбасына қайғырып көңіл айтамын. Оқиға болғанға дейін ғимараттың айналасында ескерту таспалары тартылып, полиция патрулі жақын жерде кезекшілік еткен. Бұл шаралардың барлығы апаттың алдын алу мақсатында жасалған", - деп жазды Сыздықбеков әлеуметтік желідегі парақшасында.
Қала әкімі қазір ғимарат аумағында полиция экипаждарынан посттар қойылғанын атап өтті.
Шымкент басшысы ата-аналарды бос тұрған объектілерге, құрылысы жүріп жатқан, сондай-ақ қайта құру сатысындағы нысандарға бармау туралы балаларға түсіндіру жұмыстарын жүргізуге шақырды.
Бұған дейін Шымкентте ескі мәдениет үйінің төбесі опырылып, 18 жастағы студент көз жұмғаны хабарланды. Марқұм ғимаратта курстастарымен бірге болған.
"Отырар" басылымының ақпаратынша, бұл ғимарат кәсіпкер Тоқтар Төлешовқа тиесілі болған. Ұзақ сот процесінен кейін ғимарат 2023 жылғы 13 қарашада мемлекет балансына өткен.
Ғимараттың төбе жабындысының жартысы жоқ болған, сондай-ақ металл құрылғылар кесілген. Бұл ғимаратты реконструкциялап, жастар сарайына айналдыру жоспарланған.