"Семей орманы" филиалының директоры ұсталды

© Photo : Пресс-служба министерства экологии и природных ресурсов КазахстанаМинистр экологии Ерлан Нысанбаев прибыл в резерват "Семей орманы", чтобы посмотреть, что происходит с лесом после прошлогоднего пожара
Министр экологии Ерлан Нысанбаев прибыл в резерват Семей орманы, чтобы посмотреть, что происходит с лесом после прошлогоднего пожара  - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.07.2024
Жазылу
Орман ағаштарын жымқырды деген күдікпен полицияға 20-дан астам адам жеткізілген
АСТАНА, 11 шілде – Sputnik. "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваты филиалдарының бірінің директоры мен қылмысқа қатысушылар уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды Polisia.kz.
ІІМ-нің мәліметінше, орман ағаштарын жымқырды деген күдікпен полицияға 20-дан астам адам жеткізілген. Тінту жүргізіліп, ұрланған ағаштардың ондаған текше метрі, ағаш өңдеу станоктары, ақша және құжаттар тәркіленді.
Сондай-ақ күдіктілердің лауазымдық өкілеттікті асыра пайдалану, пара алу, мүлікті жымқыру фактілеріне қатысы бар-жоғы тексерілуде. Қазіргі уақытта тергеу жалғасып жатыр.
Еске сала кетейік, осы жылдың қаңтар айында Павлодар облысында "Ертіс орманы" республикалық мемлекеттік мекемесінің директорының басшылығымен әрекет еткен қылмыстық топ ұсталған болатын. Күдіктілерге қатысты ұйымдасқан қылмыстық топ құру, оған басшылық ету, мүше болу фактілері бойынша іс тергелуде.
Айта кетері, өткен жылдың жазында болған алапат өртке байланысты мемлекет басшысы құқық қорғау органдарына орманды заңсыз кесуге және ағаштарды ұрлауға қарсы күрес шараларын күшейтуді тапсырған еді.
Қасым-Жомарт Тоқаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.06.2023
Абай облысындағы орман өрті
Абай облысындағы орман өрті: Тоқаев өңірге барады
Жаңалықтар
0