Последствия лесных пожаров в Абайской области - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.09.2023
Абай облысындағы орман өрті

Абай облысындағы орман өрті: Тоқаев өңірге барады

Қасым-Жомарт Тоқаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.06.2023
Жазылу
Президент Вьетнамға жоспарлаған ресми сапарын кейінге шегерді
АСТАНА, 10 маусым – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысына барады, деп хабарлайды Ақорда.
Абай облысындағы алапат өртке байланысты мемлекет басшысы 11-13 маусым күндері Вьетнамға жоспарлаған ресми сапарын кейінге шегерген.
"Президент шұғыл кеңес өткізу және апаттан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсету шараларын қабылдау үшін Абай облысына баруды жоспарлап отыр", - делінген хабарламада.
Тоқаев үкіметке Абай облысындағы өртті сөндіру, сондай-ақ апат ауқымының кеңеюіне жол бермеу және азаматтар мен олардың мүлкінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қолда бар барлық техникалық және адами ресурстарды жұмылдыруды тапсырды.
Өртті сөндіруге қорғаныс министрлігінің бөлімшелері тартылды.
Еске салсақ, Абай облысында орман өрті 60 мың гектарға жайылды.
ТЖМ мәліметінше, өрттен орман шаруашылығының үш қызметкері қаза тапқан. Тағы 11 қызметкерді іздеу жұмыстары жүріп жатыр.
Лесной пожар в области Абай - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.06.2023
Абай облысында қаза тапқан үш орман шаруашылығы қызметкерінің кім екені әлі анықталған жоқ
Жаңалықтар
0