Құмар ойын ойнаған әскери қызметкер штаб мүлкін ломбардқа өткізіп жіберген

© Sputnik / Санат ИмангалиевИгромания, иллюстративное фото
Игромания, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.07.2024
Жазылу
Айыпталушы бас бостандығынан айрылды
АЛМАТЫ, 9 шілде – Sputnik. Семей гарнизонында топографиялық қызмет бастығы штаб мүлкін ломбардтқа өткізіп жіберген, деп хабарлайды әскери сот.
Семей гарнизоны әскери соты Қылмыстық кодекстің 189-бабының 3-бөлігі 2-тармағы ("Өзіне сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иелену" фактісі) бойынша әскери қызметкердің ісін қарады.
"Сотталушы О. штабтың топографиялық қызметінің бастығы бола тұра, өзінің қызметтік бабын пайдаланып, букмекерлік сайтта бәс тігіп, ұтылып, жеке басындағы қарыздардың көбеюіне байланысты пайдакүнемдік мақсатта әскери бөлімге тиесілі топографиялық құрылғыларды ломбардқа өткізген", - делінген әскери соттың хабарламасында
Салдарынан мемлекетке 2 млн теңгеден астам залал келтірілген.
Айыпталушы бас бостандығынан айрылды.
"Сот үкімімен сотталушы Қылмыстық кодекстің 189-бабы 3-бөлігінің 2-тармағымен кінәлі деп танылып, оған 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы берілді", - дейді сот.
Ол Қылмыстық Кодекстің 49 - бабы, 1-бөлігіне сәйкес "капитан" әскери атағынан айырылды.
Сондай-ақ экс-әскери қызметкерден мемлекет пайдасына материалдық шығын мен мемлекеттік баж салығы өндірілді.
Үкім заңды күшіне әлі енген жоқ.
Игромания, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.06.2024
Мемлекеттік және әскери қызметкерлерге құмар ойындарға қатысуға тыйым салынады
Жаңалықтар
0