https://sputnik.kz/20240605/memlekettik-zhane-askeri-qyzmetkerlerge-qumar-oyyndarga-qatysuga-tyyym-salynady-44779418.html
Мемлекеттік және әскери қызметкерлерге құмар ойындарға қатысуға тыйым салынады
Мемлекеттік және әскери қызметкерлерге құмар ойындарға қатысуға тыйым салынады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 5 маусым – Sputnik. Мәжіліс ойын бизнесі, лотерея және лотерея қызметі мәселелері бойынша заңды Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енгізілетін... 05.06.2024, Sputnik Қазақстан
2024-06-05T14:00+0500
2024-06-05T14:00+0500
2024-06-05T14:00+0500
букмекерлік кеңсе
заң
мемлекеттік қызметші
әскери қызметкер
https://sputnik.kz/img/07e8/03/1c/43256608_1:0:1279:719_1920x0_80_0_0_f12bc36b49dff080f20ae3181bf0eefe.jpg
АСТАНА, 5 маусым – Sputnik. Мәжіліс ойын бизнесі, лотерея және лотерея қызметі мәселелері бойынша заңды Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енгізілетін ілеспе түзетулерімен екінші оқылымда қабылдады. Заңға мемлекет басшысының халық арасында ойынға тәуелділікпен күресті күшейту жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру аясында депутаттар бастамашы болды. Түзетулерге сәйкес қазақстандықтардың белгілі бір тобына құмар ойындарға қатысуға және бәс тігуге тыйым салынады. Олардың қатарында 21 жасқа толмаған азаматтар, ойын және бәс тігуге қатысуы шектелген, оның ішінде өзін-өзі шектеген (6 айдан 10 жылға дейін), сондай-ақ борышкерлердің бірыңғай тізіліміне сәйкес өтелмеген міндеттемелері бар тұлғалар кіреді. Бұл қатарда мемлекеттік қызметшілер, әскери қызметкерлер және арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлері де бар. Олар тыйымды бұзғаны үшін жұмыстан босатылады. Заңды тұлғалардың құмар ойындарға қатысуына алғашқы үш санатқа рұқсат бергені үшін әкімшілік жауапкершілік белгіленген. Бұл жағдайда орта кәсіпкерлік субъектілеріне 300 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 1000 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Қайталап жасалған құқық бұзушылық үшін – лицензияның қолданылуын тоқтата тұру жазасы қарастырылған.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/03/1c/43256608_161:0:1120:719_1920x0_80_0_0_9fc4a539124944e12cd34998c1e53a9f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
букмекерлік кеңсе, заң, мемлекеттік қызметші, әскери қызметкер
букмекерлік кеңсе, заң, мемлекеттік қызметші, әскери қызметкер
Мемлекеттік және әскери қызметкерлерге құмар ойындарға қатысуға тыйым салынады
АСТАНА, 5 маусым – Sputnik. Мәжіліс ойын бизнесі, лотерея және лотерея қызметі мәселелері бойынша заңды Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енгізілетін ілеспе түзетулерімен екінші оқылымда қабылдады.
Заңға мемлекет басшысының халық арасында ойынға тәуелділікпен күресті күшейту жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру аясында депутаттар бастамашы болды. Түзетулерге сәйкес қазақстандықтардың белгілі бір тобына құмар ойындарға қатысуға және бәс тігуге тыйым салынады.
Олардың қатарында 21 жасқа толмаған азаматтар, ойын және бәс тігуге қатысуы шектелген, оның ішінде өзін-өзі шектеген (6 айдан 10 жылға дейін), сондай-ақ борышкерлердің бірыңғай тізіліміне сәйкес өтелмеген міндеттемелері бар тұлғалар кіреді. Бұл қатарда мемлекеттік қызметшілер, әскери қызметкерлер және арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлері де бар.
Олар тыйымды бұзғаны үшін жұмыстан босатылады. Заңды тұлғалардың құмар ойындарға қатысуына алғашқы үш санатқа рұқсат бергені үшін әкімшілік жауапкершілік белгіленген. Бұл жағдайда орта кәсіпкерлік субъектілеріне 300 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 1000 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Қайталап жасалған құқық бұзушылық үшін – лицензияның қолданылуын тоқтата тұру жазасы қарастырылған.