Қазақстанның Еуразия елдерімен тауар айналымы үш жылда 1,5 есе өсті

© Sputnik / Скриншот видеоОлжас Сапарбеков
Олжас Сапарбеков - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.07.2024
Жазылу
АСТАНА, 8 шілде – Sputnik. Соңғы үш жылда Қазақстанның Еуразия елдерімен тауар айналымы 1,5 есе, ал экспорт 65 %-ға өсті. Бұл туралы Екатеринбургте өтіп жатқан "Иннопром" көрмесінде Қазақстанның индустрия және құрылыс министрінің орынбасары Олжас Сапарбеков айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Вице-министр Иннопром сияқты алаңдарда Еуразиядағы бизнес байланыстарын кеңінен талқылауға болатынын ерекше атап өтті.
"Еуразияда әлем халқының жартысынан көбі тұрады. Бұл – өте маңызы жәйт. Ал үлкен Еуразияның қалыптастыру идеясы аясында сан алуан аймақтық алаңдарды біріктіру шаралары жүріп жатыр. Соның ішінде халықаралық ұйымдар да бар. Мысалы, біз Еуразиялық экономикалық одаққа қатысып жатырмыз, Шанхай ынтымақтастық ұйымы бар. Соның бәрі өз нәтижесін беріп жатыр. Соңғы үш жылда Қазақстанның Еуразия елдерімен тауар айналымы 1,5 есе, ал экспорт 65 %-ға өсті", - деді Сапарбеков.
Осы орайда вице-министр "Иннопром" көрмесінінің серіктестік орнатудың ең маңызды алаңына айналғанын да айтты.
Айта кетері, Екатеринбургте 8-11 шілде аралығында әлемнің түкпір-түкпірінен 50 мыңнан астам қатысушы жиналған "Иннопром" өнеркәсіптік көрмесі өтіп жатыр. Былтыр Астанада "Иннопром. Қазақстан" көрмесі ұйымдастырылған болатын.
На выставке Иннопром. Казахстан компании стран-участниц подписали ряд документов  - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.09.2023
Иннопром: алғашқы күні қазақстандық және шетелдік компаниялар қандай құжаттарға қол қойды
Жаңалықтар
0