Иннопром: алғашқы күні қазақстандық және шетелдік компаниялар қандай құжаттарға қол қойды
© Photo : varНа выставке "Иннопром. Казахстан" компании стран-участниц подписали ряд документов
© Photo : var
Жазылу
"Иннопром.Қазақстан" халықаралық өнеркәсіптік көрмесі аясында қатысушы елдердің компаниялары бірқатар құжатқа қол қойды
АСТАНА, 26 қыркүйек - Sputnik. "Иннопром Қазақстан" көрмесінің баспасөз орталығында ынтымақтастық туралы бірқатар келісімшартқа қол қою рәсімдері өтті.
Беларусьтің Могилевтегі зауыты Қарағандыдағы серіктестеріне 60 миллион рубльге лифт жабдықтарын жеткізеді. Тиісті келісімге "Могилевлифтмаш" бас директоры Сергей Чертков пен "Қарағандылифт" директоры Салават Кинзибаев қол қойды.
© Photo : varНа выставке "Иннопром. Казахстан" компании стран-участниц подписали ряд документов
На выставке "Иннопром. Казахстан" компании стран-участниц подписали ряд документов
© Photo : var
"Біз бұрыннан ынтымақтаса жұмыс істейміз. Қазір лифтілерді жеткізу туралы 60 млн рубльге кезекті келісімшартқа қол қойдық. Біздің ынтымақтастығымыз одан әрі жемісті дамиды деген сенімдеміз", - деді "Могилевлифтмаш" ААҚ бас директоры Сергей Чертков.
Беларусьтің "Гомсельмаш" кәсіпорны келесі жылы Қазақстанға AGROMASH ауылшаруашылық машиналарын жасау зауытына астық жинайтын комбайндардың 200 машина жиынтығын жеткізуге келісті.
Тиісті келісімге "Гомсельмаш" зауыты директорының сату және дамыту жөніндегі бірінші орынбасары Дмитрий Афанасьев пен "АГРОМАШ" президенті міндетін атқарушы Мейрамбек Сәндібеков қол қойды.
© Photo : varНа выставке "Иннопром. Казахстан" компании стран-участниц подписали ряд документов
На выставке "Иннопром. Казахстан" компании стран-участниц подписали ряд документов
© Photo : var
Қазақстанда ауыл шаруашылығы техникасының бірлескен өндірісіне 15 жыл толды, деді Афанасьев.
"Қазірдің өзінде 4300-ге жуық техника егін орып жатыр. Бұл көп пе, аз ба деген сұраққа келсек, бұл Беларусьтегі барлық комбайн паркінің 12 пайызы екенін айтамын. Алдағы 2-3 жылда өндірілетін комбайндардың барлық желісі жаңартылады", - деп атап өтті ол.
Ұлытау өңірі Новгород облысының тәжірибесін қабылдайды. "Иннопром.Қазақстан" көрмесі аясында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.
Қол қою рәсіміне Новгород облысының даму агенттігі директорының міндетін атқарушы Виктор Быков пен "Ұлытау" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" АҚ басқарма төрағасы Алмат Жүкебаев қатысты.
© Photo : KVLНа выставке "Иннопром. Казахстан" компании стран-участниц подписали ряд документов
На выставке "Иннопром. Казахстан" компании стран-участниц подписали ряд документов
© Photo : KVL
Ынтымақтастықтың негізгі мақсаттары – индустриялық аймақтар құру, инвестициялар тарту және осындай инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері бойынша өзара консультативтік көмек көрсету, тәжірибе алмасу.
"Осы келісімді жүзеге асыру аясында біз Новгород және Ұлытау облыстарының инвестициялық әлеуетін және ықтимал инвестицияны дамытуға көмек көрсетеміз", - деді Виктор Быков.
Алмат Жүкебаев бұл келісім аймақ басшыларының кездесуінде айтылған жол картасы банкіндегі алғашқы оқиғалардың бірі екенін айтты.
"Келісім бізге тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді", - деп атап өтті ол.
Беларусьтің "Бобруйскагромаш" зауыты "Қазақстан агроинновациялық корпорациясына" елде тіркемелер мен шөп шабатын машиналарды құрастыруға көмектеседі.
Беларусь тарапынан құжатқа "Бобруйскагромаш" холдингінің өкілі Владимир Дайнеко, отандық өндірушіден бас директор Олег Балыбин қол қойды.
© Photo : varНа выставке "Иннопром. Казахстан" компании стран-участниц подписали ряд документов
На выставке "Иннопром. Казахстан" компании стран-участниц подписали ряд документов
© Photo : var
"Бобруйскагромаш" пен "Қазақстан агро инновациялық корпорациясының" қосылғанына 15 жыл болды. Қазіргі уақытта біз тіркемелерді, жартылай тіркемелерді, шөп шабатын машиналарды және өзге де қазақстандық нарықтағы ең танымал бұйымдарды бірлесіп құрастыру жобасын жүзеге асырудамыз. Жақын арада жаңа келісімдерге қол қойылады", - деп атап өтті Владимир Дайнеко.
"Иннропром.Қазақстан" көрмесі Астанада 27 қыркүйекке дейін жалғасады.