https://sputnik.kz/20240707/madeniet-ministri-anshi-artisterdin-qamaluyna-qatysty-pikir-bildirdi-45538854.html
Мәдениет министрі әнші-әртістердің қамалуына қатысты пікір білдірді
Мәдениет министрі әнші-әртістердің қамалуына қатысты пікір білдірді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 7 шілде – Sputnik. Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева әнші-әртістердің кезек-кезек қамауға алынуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды... 07.07.2024, Sputnik Қазақстан
2024-07-07T16:30+0500
2024-07-07T16:30+0500
2024-07-07T16:30+0500
мәдениет және спорт министрлігі
аида балаева
қайрат нұртас
тұрсынбек қабатов
әбдіжаппар әлқожа
https://sputnik.kz/img/07e8/06/05/44774460_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_ffef7ad4f2920a9ba95d149f65dc0bdc.jpg
АСТАНА, 7 шілде – Sputnik. Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева әнші-әртістердің кезек-кезек қамауға алынуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Балаеваның айтуынша, қоғамды қарыштап өсіретін де, тұқыртып өшіретін де - мәдениет. Ал сол мәдениеттің туын көтеріп, өнердің тасын өрге домалатып жүрген әрбір майталман - елге үлгі, қоғамға бағдар болуы шарт.Осы орайда ол мәдениет қайраткерлерінің заң мен ұрпақ алдындағы үлкен жауапкершілігін түсінуі керектігін де ерекше атап өтті. Мемлекет басшысы да лауазымына, танымалдылығына, қоғамдағы орнына қарамастан, заң бәріне ортақ екенін айтқан."Ал мемлекет осы қағиданың мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз ететін болады. Сөз жоқ, Ұлы Абайдан бері келе жатқан қоғамдағы надандықпен күрестің алдыңғы шебінде мәдениет майталмандары жүруі тиіс. Осы орайда мен баршамызды осыны ұмытпауға шақырамын!", - деп атап көрсетті Балаева.Айта кетері, бұған дейін әнші Қайрат Нұртас ұшақта төбелес шығарғаны үшін 15 тәулікке қамауға алынды. Күні кеше Әбдіжаппар Әлқожа полицейлерге қарсылық көрсеткені үшін қамалды. Ал сықақшы Тұрсынбек Қабатов Астанада өткен концертте өзінің және Қайрат Нұртастың қамауға алынған кезін әзілмен жеткізді.
https://sputnik.kz/20240706/ornyma-qayrat-ketti-5-taulikke-qamalgan-qabatov-azilimen-korermendi-kuldirtti-45521227.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/06/05/44774460_160:0:1120:720_1920x0_80_0_0_d333bcc11b0d266fefaa564bdf5f536d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мәдениет және спорт министрлігі, аида балаева, қайрат нұртас, тұрсынбек қабатов, әбдіжаппар әлқожа
мәдениет және спорт министрлігі, аида балаева, қайрат нұртас, тұрсынбек қабатов, әбдіжаппар әлқожа
АСТАНА, 7 шілде – Sputnik. Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева әнші-әртістердің кезек-кезек қамауға алынуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Балаеваның айтуынша, қоғамды қарыштап өсіретін де, тұқыртып өшіретін де - мәдениет. Ал сол мәдениеттің туын көтеріп, өнердің тасын өрге домалатып жүрген әрбір майталман - елге үлгі, қоғамға бағдар болуы шарт.
"Өкінішке орай, соңғы кезде мәдениет саласындағы белгілі азаматтарға қатысты жағымсыз оқиғалар, кейде тіпті заңсыз әрекеттер жиілеп кетті. Әрине, жеке-дара адам ретінде, қарапайым азамат ретінде кімге болса да пендешілік тән қасиет. Адам болған соң қателесуің мүмкін, бірақ оның арты заңды аттауға бармауы тиіс. Өзін нағыз "мәдениет қайраткерімін" дейтін жан үшін танымалдық заңсыздыққа жол беретін құдырет емес", - деп жазды министрі әлеуметтік желідегі парақшасында.
Осы орайда ол мәдениет қайраткерлерінің заң мен ұрпақ алдындағы үлкен жауапкершілігін түсінуі керектігін де ерекше атап өтті. Мемлекет басшысы да лауазымына, танымалдылығына, қоғамдағы орнына қарамастан, заң бәріне ортақ екенін айтқан.
"Ал мемлекет осы қағиданың мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз ететін болады. Сөз жоқ, Ұлы Абайдан бері келе жатқан қоғамдағы надандықпен күрестің алдыңғы шебінде мәдениет майталмандары жүруі тиіс. Осы орайда мен баршамызды осыны ұмытпауға шақырамын!", - деп атап көрсетті Балаева.
Айта кетері, бұған дейін әнші Қайрат Нұртас ұшақта төбелес шығарғаны үшін 15 тәулікке
қамауға алынды. Күні кеше Әбдіжаппар Әлқожа полицейлерге қарсылық көрсеткені үшін қамалды. Ал сықақшы Тұрсынбек Қабатов Астанада өткен концертте өзінің және Қайрат Нұртастың қамауға алынған кезін әзілмен жеткізді.