"Бүгін Қайрат кетті": 5 тәулікке қамалған Қабатов әзілімен көрерменді күлдіртті

© Photo : Официальная группа Международного союза КВН / Паша БалакинКВН-щики Кумар Лукманов и Турсынбек Кабатов (справа)
КВН-щики Кумар Лукманов и Турсынбек Кабатов (справа) - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.07.2024
Жазылу
Тұрсынбек Қабатов Астанада концерт берді
АСТАНА, 6 шілде – Sputnik. Әртіс Тұрсынбек Қабатов Астанада өткен концертте өзінің және Қайрат Нұртастың қамауға алынған кезін әзілмен жеткізді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан
Күні кеше әнші Қайрат Нұртас ұшақта төбелес шығарғаны үшін 15 тәулікке қамауға алынды. Бұған дейін Тұрсынбек Қабатов та тәртіп бұзғаны үшін 5 тәулік отырып шыққан. Ал кешегі концертте осы екі оқиғаға қатысты әзіл айтты. Оның видеосын жұбайы Мөлдір Мұқан өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
"Мен бұл концертке бес күн бойы тыңғылықты дайындалдым...Қатты дайындалдым. Телефонды де өшіріп тастадым, ешқайда шыққан жоқпын, дайындалдым...Бүгін Қайрат дайындалуға кетті", - деді Қабатов орыс тілінде.
Ал әртістің жұбайы концертке келген халыққа өз алғысын жеткізді. Тұрсынбектің қамалғанысынақ болғанын да жеткізді.
Жаңалықтар
0