https://sputnik.kz/20240705/seysmologiya-salasyn-damytudyn-keshendi-zhospary-qabyldandy-70-stansa-zhondeledi-45486328.html
Сейсмология саласын дамытудың кешенді жоспары қабылданды: 285 станса орнатылады
Сейсмология саласын дамытудың кешенді жоспары қабылданды: 285 станса орнатылады
Sputnik Қазақстан
Кешенді жоспар аясында 285 сейсмикалық стансаны орнату, сондай-ақ қолда бар 70 стансаны жөндеу және жарақтандыру көзделген 05.07.2024, Sputnik Қазақстан
2024-07-05T08:41+0500
2024-07-05T08:41+0500
2024-07-05T08:54+0500
сейсмология
https://sputnik.kz/img/1301/63/13016370_0:160:3072:1888_1920x0_80_0_0_49b24a4a88ddf0dce2778ff3d3a0beb6.jpg
АСТАНА, 5 шілде – Sputnik. Сейсмология саласын дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспары бекітілді. Қаулыға премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.Құжат еліміздің сейсмологиялық қауіпсіздігін нығайту бойынша ауқымды шараларды іске асыруды көздейді. Олардың ішінде мониторингті айтарлықтай күшейту, ғимараттар мен құрылыстардың сейсмикалық төзімділігін қамтамасыз ету, жаңа цифрлық технологияларды енгізу, кадрларды даярлау деңгейін арттыру және т. б. бар.Паспорттау ең осал құрылыс объектілерін анықтауға мүмкіндік береді, оларға қатысты бірінші кезекте сейсмикалық қауіптілігін төмендету шаралары қолданылады. Оның ішінде: сейсмикалық күшейту, құнды жабдықтарды қорғау немесе шығару, мақсатын өзгерту және басқалары бар.Сонымен қатар 285 сейсмикалық стансаны орнату, сондай-ақ қолда бар 70 стансаны жөндеу және жарақтандыру көзделген. Бұл Алматы облысында және еліміздің басқа да сейсмоқауіпті өңірлерінде сейсмикалық қауіпті сапалы болжауға мүмкіндік береді. Өз кезегінде қажетті әрекет ету шаралары жедел қабылданады.Бұдан басқа, ғимараттардың құрылысы мен жұмыс істеуіне бақылауды күшейту, мониторинг әдістерін жақсарту, сейсмология саласындағы мамандарды заманауи жабдықтармен және техникалық құралдармен қамтамасыз ету жоспарлануда.
https://sputnik.kz/20240523/seysmologiya-ortalygyn-damytuga-2-mlrd-tenge-bolinedi--almaty-akimi-44513123.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1301/63/13016370_171:0:2902:2048_1920x0_80_0_0_6483d6e9925d2e0783f089dfd2d5c845.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сейсмология
Сейсмология саласын дамытудың кешенді жоспары қабылданды: 285 станса орнатылады
08:41 05.07.2024 (жаңартылды: 08:54 05.07.2024) Кешенді жоспар аясында 285 сейсмикалық стансаны орнату, сондай-ақ қолда бар 70 стансаны жөндеу және жарақтандыру көзделген
АСТАНА, 5 шілде – Sputnik. Сейсмология саласын дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспары бекітілді. Қаулыға премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
Құжат еліміздің сейсмологиялық қауіпсіздігін нығайту бойынша ауқымды шараларды іске асыруды көздейді. Олардың ішінде мониторингті айтарлықтай күшейту, ғимараттар мен құрылыстардың сейсмикалық төзімділігін қамтамасыз ету, жаңа цифрлық технологияларды енгізу, кадрларды даярлау деңгейін арттыру және т. б. бар.
"Осылайша, 15 сейсмикалық аудандастыру картасы әзірленеді, бұл еліміздің сейсмикалық қауіпті өңірлеріндегі жер сілкінісі ошақтарының 70%-ын болжауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ олар аталған аумақтардағы ғимараттар мен құрылыстарды паспорттауға және жаңа құрылыс нормаларын әзірлеуге негіз болады", - деп жазылған хабарламада.
Паспорттау ең осал құрылыс объектілерін анықтауға мүмкіндік береді, оларға қатысты бірінші кезекте сейсмикалық қауіптілігін төмендету шаралары қолданылады. Оның ішінде: сейсмикалық күшейту, құнды жабдықтарды қорғау немесе шығару, мақсатын өзгерту және басқалары бар.
Сонымен қатар 285 сейсмикалық стансаны орнату, сондай-ақ қолда бар 70 стансаны жөндеу және жарақтандыру көзделген. Бұл Алматы облысында және еліміздің басқа да сейсмоқауіпті өңірлерінде сейсмикалық қауіпті сапалы болжауға мүмкіндік береді. Өз кезегінде қажетті әрекет ету шаралары жедел қабылданады.
Бұдан басқа, ғимараттардың құрылысы мен жұмыс істеуіне бақылауды күшейту, мониторинг әдістерін жақсарту, сейсмология саласындағы мамандарды заманауи жабдықтармен және техникалық құралдармен қамтамасыз ету жоспарлануда.