Сейсмология орталығын дамытуға 2 млрд теңге бөлінеді – Алматы әкімі
© Photo : Алматы әкімдігіЕрболат Досаев Сейсмология орталығының материалдық-техникалық базасымен танысты
© Photo : Алматы әкімдігі
Жазылу
1986 жылы салынған орталық ғимараты ешқашан жөнделмеген
АСТАНА, 23 мамыр – Sputnik. Алматы әкімі Ерболат Досаев ТЖМ Сейсмологиялық бақылау және ұлттық ғылыми зерттеу орталығының материалдық-техникалық базасымен танысып, түйткілді мәселелерді тыңдады, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
© Photo : Алматы әкімдігіЕрболат Досаев Сейсмология орталығының материалдық-техникалық базасымен танысты
Ерболат Досаев Сейсмология орталығының материалдық-техникалық базасымен танысты
© Photo : Алматы әкімдігі
1986 жылы салынған орталық ғимараты ешқашан жөнделмеген, кейбір жабдықтар ескірген, сонымен қатар маман тапшылығы мәселесі бар.
© Photo : Алматы әкімдігіЕрболат Досаев Сейсмология орталығының материалдық-техникалық базасымен танысты
Ерболат Досаев Сейсмология орталығының материалдық-техникалық базасымен танысты
© Photo : Алматы әкімдігі
"Біз ғимаратты қала бюджеті есебінен жөндеу туралы шешім қабылдадық. Сондай-ақ ғылыми зерттеулерге шамамен 2 млрд теңге бөлінеді, бұл еңбекақы төлеу қорын ұлғайтуға, шетелдік әріптестермен тәжірибе алмасуға, жаңа кадрлар тартуға мүмкіндік береді", - деді Ерболат Досаев.
Оның айтуынша, бұл орталық қала үшін ғана емес, бүкіл ел үшін өте маңызды, сондықтан ол әлемдік стандарттарға сай болуға тиіс.
© Photo : Алматы әкімдігіЕрболат Досаев Сейсмология орталығының материалдық-техникалық базасымен танысты
Ерболат Досаев Сейсмология орталығының материалдық-техникалық базасымен танысты
© Photo : Алматы әкімдігі
Орталық сейсмикалық қауіпті бақылау және бағалаумен айналысады.
Сейсмологиялық бақылаулардың республикалық желісі бүкіл ел бойынша 70 станциядан тұрады. Мұнда жер қыртысының қозғалысы 160 түрлі өлшем бойынша бақыланады.