Астана, ШЫҰ саммиті - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.07.2024
Астана ШЫҰ-2024
ШЫҰ – 2001 жылы Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстанның мемлекет басшылары құрған халықаралық ұйым.

Иран басшысы Газа секторындағы Израиль операциясын тоқтатуға шақырды

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаВыступления глав государств на саммите ШОС в Астане
Выступления глав государств на саммите ШОС в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.07.2024
Жазылу
Мұхаммед Мохбер Астанада өткен ШЫҰ-ның отырысында Раисидің суретін қасына қойды
АЛМАТЫ, 4 шілде - Sputnik. Иран президентінің міндетін атқарушы Мұхаммед Мохбер Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше елдерді Израильдің Газа секторындағы әскери операциясын тоқтатуға шақырды.
"Біз барлық елдің, әсіресе Шанхай ынтымақтастық ұйымының қатысушыларына сионистік режимнің әскери қылмыстарын дереу тоқтатуға және бүкіл Газа секторына гуманитарлық көмекті дереу, жеткілікті және кедергісіз жіберуге бағытталған тиімді шаралар қабылдау қажеттігін айтамыз", - деді ол Астанадағы ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында.
Айта кетері, Иран президентінің міндетін атқарушы Мұхаммед Мохбер саммит кезінде қаза тапқан ел президенті Эбрахим Раисидің суретін қасына қойған. Иранның бұрынғы президенті Эбрахим Раиси 19 мамырда елдің солтүстік-батысында тікұшақ апатынан қайтыс болған. Сосын республика билігі жаңа президент сайлауын өткізетіндігін жариялады. Конституцияның 131-бабына сәйкес, олар президенттің қайтыс болуы немесе әрекетке қабілетсіздігі туралы мәлімделген және оның міндеттері бірінші вице-президентке берілген сәттен бастап 50 күн ішінде өтуі керек.
Мұхаммед Мохбер ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Астанаға келді - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.07.2024
Астана ШЫҰ-2024
ШЫҰ: Иран президентінің міндетін атқарушы Астанаға саммитке келді
Жаңалықтар
0