Астана, ШЫҰ саммиті - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.07.2024
Астана ШЫҰ-2024
ШЫҰ – 2001 жылы Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстанның мемлекет басшылары құрған халықаралық ұйым.

ШЫҰ: Иран президентінің міндетін атқарушы Астанаға саммитке келді

© Photo : Пресс-служба премьер-министра Казахстана Мұхаммед Мохбер ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Астанаға келді
Мұхаммед Мохбер ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Астанаға келді - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.07.2024
Жазылу
Өткен жылы Нью-Делидегі саммитте Иран ШЫҰ-ның толыққанды мүшесі болды
АСТАНА, 4 шілде – Sputnik. Иран Ислам Республикасы президентінің міндетін атқарушы Мұхаммед Мохбер Қазақстан астанасына келді. Астана әуежайында оны Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Серік Жұманғарин қарсы алды, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
© Photo : Пресс-служба премьер-министра Казахстана Мұхаммед Мохбер ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Астанаға келді
Мохаммад Мохбер прибыл для участия в саммите ШОС  - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.07.2024
Мұхаммед Мохбер ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Астанаға келді
Мұхаммед Мохбер Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 24-ші отырысына қатысады.
Еске сала кетейік, 19 мамырда Иранның экс-президенті отырған тікұшақ апатқа ұшыраған болатын.
Эбрахим Раиси қайтыс болғаннан кейін республика билігі Конституцияны сақтай отырып, президенттің қайтыс болуы немесе қабілетсіздігі туралы мәлімдегеннен кейін 50 күн ішінде жаңа президенттік сайлау өткізілетіндігін және оның міндеттерін бірінші вице-президентке беретіндігін жариялады.
Бұл лауазымды вице-президент Мұхаммед Мохбер қабылдады. Ирандағы президент сайлауы 28 маусым, жұма күні өтті.
Ирандағы кезектен тыс президент сайлауына үміткерлердің ешқайсысы 50% дауыс жинаған жоқ, екінші тур 5 шілдеде өтеді.
Жаңалықтар
0