Астана, ШЫҰ саммиті - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.07.2024
Астана ШЫҰ-2024
ШЫҰ – 2001 жылы Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстанның мемлекет басшылары құрған халықаралық ұйым.

Путин жастарды "ШЫҰ: Бизнес Инкубатор" бағдарламасына шақырды

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаВыступления глав государств на саммите ШОС в Астане
Выступления глав государств на саммите ШОС в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.07.2024
Жазылу
АСТАНА, 4 шілде - Sputnik. Путин Ресейдің Дубна қаласында өтетін "ШЫҰ: Бизнес Инкубатор" бағдарламасына ұйым мемлекеттерінің жастарын шақырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Путиннің айтуынша, Шанхай ынтымақтастық ұйымының ғылым және білім, қоршаған ортаны қорғау, денсаулық және эпидемиямен күрес, туризм және спорттық салада ынтымақтастығы артып келеді. Әсіресе, жастар арасындағы әртүрді форумдар ұйымға мүше мемлекеттердің ынтымақтастығын ары қарай дамытуда.

"ШЫҰ мемлекеттерінің 77 жоғарғы оқы орны бірігіп жұмыс істейді. Университет ректорларының форумы үнемі өтіп тұрады. Бизнес саласы да дамып келеді. Ресей бастамасымен құрылған ШЫҰ-ның жастар кеңесі де табысты жұмыс істеуде", - деді ол.

Қыркүйекте Ресейдің Дубна қаласында жастарға арналған "ШЫҰ: Бизнес Инкубатор" бағдарламасы өтеді. Путин ұйымға мүше мемлекеттердің жастарын осы бағдарламаға арнайы шақырды.
Александр Лукашенко. Участие в саммите Шанхайской организации сотрудничества  - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.07.2024
Астана ШЫҰ-2024
Минск ШЫҰ-ның беделі мен одақтастарының санын арттыруға үлес қосуға ниетті – Лукашенко
Жаңалықтар
0