Астана, ШЫҰ саммиті - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.07.2024
Астана ШЫҰ-2024
ШЫҰ – 2001 жылы Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстанның мемлекет басшылары құрған халықаралық ұйым.

Минск ШЫҰ-ның беделі мен одақтастарының санын арттыруға үлес қосуға ниетті – Лукашенко

© Photo : Официальный сайт президента БеларусиАлександр Лукашенко. Участие в саммите Шанхайской организации сотрудничества
Александр Лукашенко. Участие в саммите Шанхайской организации сотрудничества  - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.07.2024
Жазылу
Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің басшылары Беларусьті ұйымға қабылдау туралы шешімге қол қойды
АСТАНА, 4 шілде – Sputnik. Беларусь президенті Александр Лукашенко Астанада өтіп жатқан ШЫҰ саммитінде Минск ұйымның толыққанды мүшесі ретінде ұйым беделі мен одақтастарының санын арттыруға бар күш-жігерін салатынын айтты, деп хабарлайды "Белта" беларусь агенттігі.
Бейсенбі күні Астанадағы ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысы тиісті құжаттарға қол қою рәсімінен басталды. Бірнеше минуттан кейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Минскінің ұйымға қабылданғанын хабарлады.
"Біз ұйымымыздың беделі артып, оның одақтастары мен жақтастарының шеңбері кеңеюі үшін бар күш-жігерімізді саламыз", - деп "Белта" Лукашенконың сөзін келтірді.
Ол бұған дейін айтылған көптеген беларусь идеялары халықаралық қолдауға ие болғанын мәлімдеді. Бұл технологиялар трансферті, ақпараттық қауіпсіздік, көлік және логистика, өнеркәсіп, сауда және инвестицияға қатысты, деп түсіндірді Лукашенко.
"Енді жаңа қызметімізде біз өз ұсыныстарымызды ұйымның бастамаларымен барынша байланыстыруға тырысамыз", - деді Беларусь президенті.
Азық-түлік қауіпсіздігі туралы айта келе, Лукашенко бұл саладағы қиындықтар климаттың өзгеруі және табиғи апаттар сияқты дәстүрлі факторлардан ғана емес, сонымен қатар жасанды кедергілерден, оның ішінде минералды тыңайтқыштарға, техникаға, өсімдіктерді қорғау құралдарына, жеткізу бағдарларына заңсыз санкциялардан туындайтынын айтты. Соның салдарынан дамушы елдердің тұрғындары, соның ішінде Азия, Африка және Латын Америкасының ең кедей елдері ашығып отыр, деді ол.
"Бір полярлы әлемнің қабырғасын қиратуға, адамдарды тамақтандыруға, әлеуметтік теңсіздікке, азық-түлік пен ресурс тапшылығына байланысты көптеген қайшылықтар мен қақтығыстарды жоятын күш бізде бар", - деді Лукашенко.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Астана саммитіне қатысқан барлық мемлекет және үкімет басшылары Беларусь Республикасын ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер қатарына қабылдау туралы келісімге қол қойды. Беларусь ШЫҰ-ның 10-шы мүшесі болды.
Жаңалықтар
0