Тоқаев пен Си Цзиньпин достық кездесуін өткізді

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаКасым-Жомарт Токаев и Си Цзиньпин
Касым-Жомарт Токаев и Си Цзиньпин - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.07.2024
Жазылу
АСТАНА, 2 шілде – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай басшысы Си Цзиньпинді кешкі асқа шақырды, деп хабарлады Ақорда
"Астанада Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен елімізге мемлекеттік сапармен келген Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин кешкі ас форматында достық рәуіште кездесу өткізді", - деп жазылған хабарламада.
Си Цзиньпин бүгін Астанаға келді, оны әуежайда президент Тоқаев күтіп алды.
Мәртебелі қонақты салтанатпен қарсы алу үшін әуежайда Құрмет қарауылы ротасы сап түзеп тұрды. Сондай-ақ Қазақстан мен Қытай халықтарының шынайы достығының белгісі ретінде балалар екі елдің жалауын желбіретіп, қошемет көрсетті.
Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинді елорда әуежайында қарсы алды - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.07.2024
Тоқаев ҚХР төрағасы Си Цзиньпинді елорда әуежайында қарсы алды
Жаңалықтар
0