https://sputnik.kz/20240702/qytay-men-qazaqstannyn-ustanymdary-uqsas---qkhr-torgasy-45346451.html
Қытай мен Қазақстанның ұстанымдары ұқсас - ҚХР төрағасы
Қытай мен Қазақстанның ұстанымдары ұқсас - ҚХР төрағасы
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 2 шілде - Sputnik. Си Цзиньпин "Қазақпарат" агенттігінде жариялан мақаласында Қазақстан мен Қытай апасындағы қарым-қатынасты нығайту бағыттары туралы... 02.07.2024, Sputnik Қазақстан
2024-07-02T09:45+0500
2024-07-02T09:45+0500
2024-07-02T10:55+0500
қытай
қазақстан
си цзиньпин
астана шыұ-2024
шыұ
https://sputnik.kz/img/07e6/06/07/25369307_2:0:2999:1686_1920x0_80_0_0_fbf1511177271957cd388481ce7b4b92.jpg
АСТАНА, 2 шілде - Sputnik. Си Цзиньпин "Қазақпарат" агенттігінде жариялан мақаласында Қазақстан мен Қытай апасындағы қарым-қатынасты нығайту бағыттары туралы айтып, ынтымақтастықиың келешегі жөнінде сөз қозғады."Өзара визасыз режим екі ел тұрғындарының бір-біріне туысқан секілді жиі баруына мүмкіндік береді. Өткен жылы өзара сапарлар саны шамамен 600 мың болса, биылғы жылдың алғашқы үш айында 200 мыңнан асты. Алда тағы бір рекорд бар", - деді Си Цзиньпин.Ол аймақаралық ынтымақтастық та қарқын алып жатқанын, 26 жұп бауырлас қалаларды құру туралы айтты.Қытай басшысының айтуынша, тығыз өзара іс-қимыл және сын-қатерлерге бірлесіп жауап беру екі елге халықаралық аренада жаңа нақты серпін әкелді. Себебі, Қытай мен Қазақстанның халықаралық және аймақтық мәселелер бойынша ұстанымдары ұқсас, ортақ, кешенді, бірлескен және тұрақты қауіпсіздік тұжырымдамасын жүзеге асыруды жақтап, әлемдегі бейбітшілікке, жаһандық дамуға және әділ әлемдік тәртіпке қол жеткізуге ұмтылады."Біз бірге "Қытай-Орталық Азия" форматын құрдық, БҰҰ, ШЫҰ, АӨСШК және басқа да көпжақты платформалар аясында тығыз өзара іс-қимыл жасаймыз, бір-біріміздің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі сындарлы бастамаларын белсенді түрде қолдаймыз, ортақ стратегиялық мүдделерді, қауіпсіздік пен даму мүдделерін табанды түрде қорғаймыз", - деп жазылған мақалада.Си Цзиньпин келешегі зор қытай-қазақ ынтымақтастығы жарқын болашаққа сенім ұялатады деп, алдағы сапар көп ғасырлық достық пен жан-жақты ынтымақтастықтың игі дәстүрін арттыруға, жан-жақты стратегиялық қытай-қазақстандық серіктестікті жаңа белестерге жеткізу мүддесінде екіжақты байланыстарды одан әрі дамытудың жаңа жоспарларын белгілеуге мүмкіндік береді деп сенетінін айтты.
https://sputnik.kz/20240401/vizasyz-rezhim-qytaydyn-qansha-azamaty-qazaqstanga-keldi-43344808.html
қытай
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/06/07/25369307_376:0:2624:1686_1920x0_80_0_0_fc525ee3c575cc01c96a59da1392b076.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қытай, қазақстан, си цзиньпин, шыұ
қытай, қазақстан, си цзиньпин, шыұ
АСТАНА, 2 шілде - Sputnik. Си Цзиньпин
"Қазақпарат" агенттігінде жариялан мақаласында Қазақстан мен Қытай апасындағы қарым-қатынасты нығайту бағыттары туралы айтып, ынтымақтастықиың келешегі жөнінде сөз қозғады.
"Өзара визасыз режим екі ел тұрғындарының бір-біріне туысқан секілді жиі баруына мүмкіндік береді. Өткен жылы өзара сапарлар саны шамамен 600 мың болса, биылғы жылдың алғашқы үш айында 200 мыңнан асты. Алда тағы бір рекорд бар", - деді Си Цзиньпин.
Ол аймақаралық ынтымақтастық та қарқын алып жатқанын, 26 жұп бауырлас қалаларды құру туралы айтты.
"Қытай емделушілері арасында үлкен құрмет пен беделге ие болған офтальмолог Сәулебек Қабылбеков, сирек кездесетін "панда қаны" тобының иесі және доноры Руслан Төленов, сонымен қатар Қытайда танымал әнші Димаш жаңа дәуірдегі қытай-қазақ достығының елшілері болды", - деп жазды Си Цзиньпин.
Қытай басшысының айтуынша, тығыз өзара іс-қимыл және сын-қатерлерге бірлесіп жауап беру екі елге халықаралық аренада жаңа нақты серпін әкелді. Себебі, Қытай мен Қазақстанның халықаралық және аймақтық мәселелер бойынша ұстанымдары ұқсас, ортақ, кешенді, бірлескен және тұрақты қауіпсіздік тұжырымдамасын жүзеге асыруды жақтап, әлемдегі бейбітшілікке, жаһандық дамуға және әділ әлемдік тәртіпке қол жеткізуге ұмтылады.
"Біз бірге "Қытай-Орталық Азия" форматын құрдық, БҰҰ, ШЫҰ, АӨСШК және басқа да көпжақты платформалар аясында тығыз өзара іс-қимыл жасаймыз, бір-біріміздің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі сындарлы бастамаларын белсенді түрде қолдаймыз, ортақ стратегиялық мүдделерді, қауіпсіздік пен даму мүдделерін табанды түрде қорғаймыз", - деп жазылған мақалада.
Си Цзиньпин келешегі зор қытай-қазақ ынтымақтастығы жарқын болашаққа сенім ұялатады деп, алдағы сапар көп ғасырлық достық пен жан-жақты ынтымақтастықтың игі дәстүрін арттыруға, жан-жақты стратегиялық қытай-қазақстандық серіктестікті жаңа белестерге жеткізу мүддесінде екіжақты байланыстарды одан әрі дамытудың жаңа жоспарларын белгілеуге мүмкіндік береді деп сенетінін айтты.