https://sputnik.kz/20240401/vizasyz-rezhim-qytaydyn-qansha-azamaty-qazaqstanga-keldi-43344808.html
Визасыз режим: Қытайдың қанша азаматы Қазақстанға келді
Визасыз режим: Қытайдың қанша азаматы Қазақстанға келді
Sputnik Қазақстан
Визасыз режим күшіне енген 10 қарашадан бері Қазақстанға Қытайдың 126 мың азаматы кірсе, 173 мың қазақстандық Қытайға барған 01.04.2024, Sputnik Қазақстан
2024-04-01T18:13+0500
2024-04-01T18:13+0500
2024-04-01T18:22+0500
қытай
визасыз режим
https://sputnik.kz/img/1018/13/10181323_0:160:3072:1888_1920x0_80_0_0_b5911909cb80218ba42486410180f59f.jpg
АСТАНА, 1 сәуір – Sputnik. Қытаймен визасыз режим енгізілгелі бері көрші елден Қазақстанға 126 мың турист келген. Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Қазақстан мен Қытай үкіметтері арасындағы визалық талаптардан өзара босату туралы келісім 2023 жылғы 10 қарашада күшіне енді.СІМ ресми өкілі өзі де жуырда Қытайдан оралғанын атап өтті. Айтуынша, ұшақтың іші Қазақстан азаматтарына толы болған. Отандастарымыздың дені Қытайға турист ретінде барған, кейбірі медициналық қызмет алу, оқу мәселелерімен сапарлаған."Біз визасыз елдердің тізімін ұлғайтуға тырысамыз. Көпшілікке бұл ұнайды деп үміттенемін, жыл соңына қарай көре жатарсыздар", - деді ол.
https://sputnik.kz/20231110/qazaqstan-men-qytay-arasyndagy-vizasyz-rezhim-buginnen-bastap-kushine-endi-40071201.html
қытай
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1018/13/10181323_171:0:2902:2048_1920x0_80_0_0_1d03f9b4b8aae82753a5fdaca8bcea2c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қытай, визасыз режим
Визасыз режим: Қытайдың қанша азаматы Қазақстанға келді
18:13 01.04.2024 (жаңартылды: 18:22 01.04.2024) Визасыз режим күшіне енген 10 қарашадан бері Қазақстанға Қытайдың 126 мың азаматы кірсе, 173 мың қазақстандық Қытайға барған
АСТАНА, 1 сәуір – Sputnik. Қытаймен визасыз режим енгізілгелі бері көрші елден Қазақстанға 126 мың турист келген. Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қазақстан мен Қытай үкіметтері арасындағы визалық талаптардан өзара босату туралы келісім 2023 жылғы 10 қарашада күшіне енді.
"Өздеріңіз білесіздер, біз Қытаймен визасыз режим енгіземіз деген кезде қаншама халық шулап, әлеуметтік желілерді ашып қалсаң "Қытай жаулап алады, еліміздің қауіпсіздігі қайда? мемлекет қайда қарап отыр?" деген ұрандар болған. Десе де былтыр 10 қарашада күшіне енген визасыз режим туралы келісім өз нәтижесін беріп жатыр. Статистикаға сүйенсек, 10 қарашадан бері Қазақстанға Қытайдың 126 мың азаматы кірсе, 173 мың қазақстандық Қытайға барған", - деді Смадияров сыртқы істер министрлігінде өткен брифингте.
СІМ ресми өкілі өзі де жуырда Қытайдан оралғанын атап өтті. Айтуынша, ұшақтың іші Қазақстан азаматтарына толы болған. Отандастарымыздың дені Қытайға турист ретінде барған, кейбірі медициналық қызмет алу, оқу мәселелерімен сапарлаған.
"Біз визасыз елдердің тізімін ұлғайтуға тырысамыз. Көпшілікке бұл ұнайды деп үміттенемін, жыл соңына қарай көре жатарсыздар", - деді ол.