https://sputnik.kz/20240701/senim-dostyq-bir-birinin-muddelerin-eskeru-toqaev-shyu-sammitinen-ne-kutetinin-aytty-45316536.html
Сенім, достық, бір-бірінің мүдделерін ескеру: Тоқаев ШЫҰ саммитінен не күтетінін айтты
Сенім, достық, бір-бірінің мүдделерін ескеру: Тоқаев ШЫҰ саммитінен не күтетінін айтты
Sputnik Қазақстан
Президенттің айтуынша, биыл 3 шілдеде, ширек ғасырдан сәл астам уақыттан кейін Шанхай кеңістігінің жиыны Қазақстанға қайта оралуының символикалық мәні бар 01.07.2024, Sputnik Қазақстан
2024-07-01T09:18+0500
2024-07-01T09:18+0500
2024-07-02T10:58+0500
шыұ
қасым-жомарт тоқаев
сұхбат
астана шыұ-2024
https://sputnik.kz/img/07e8/06/0c/44922915_0:74:1280:794_1920x0_80_0_0_ebc4a8a23b782049c2ffa7dd2408b565.jpg
АСТАНА, 1 шілде - Sputnik. 2-4 шілде күндері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді. Сондай-ақ Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 24-ші отырысына қатысады. Сапар қарсаңында Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Синьхуа агенттігіне жазбаша сұхбат берді.Ол сұхбатта Шанхай ынтымақтастық ұйымымен ерекше қарым-қатынаста екенін атап өтті.Президенттің айтуынша, биыл 3 шілдеде, ширек ғасырдан сәл астам уақыттан кейін Шанхай кеңістігінің жиыны Қазақстанға қайта оралуының символикалық мәні бар. "Осы жылдар ішінде Шанхай бестігінің құрамы екі есеге артып, Астанадағы саммиттен Ұйым толыққанды Шанхай ондығы форматында жұмыс істей бастайды. ШЫҰ-ға төрағалық өте маңызды және сонымен бірге өте жауапты миссия екенін ерекше атап өткім келеді. Ұйымның негізін қалаушылардың бірі және көпжақты диалогты дамытудың белсенді қолдаушысы ретінде Қазақстан Ұйымды өзінің теңгерімді сыртқы саясатындағы тұрақты басымдық ретінде қарастырады", - деді мемлекет басшысы.Мемлекет басшысының айтуынша, дәл осы уәждер Қазақстан төрағалығының қағидаттары мен кең ауқымды күн тәртібін әзірлеуде басшылық етті. Тоқаевы ұйымның ірі халықаралық және өңірлік құрылымдармен байланысын кеңейту арқылы оның халықаралық беделін одан әрі нығайту маңызды міндет екеніне тоқталды. Мемлекет басшысының сөзінше, қазірдің өзінде 150-ден астам іс-шара өткізілді: Нью-Йорктен Бейжіңге, Найробиден Мәскеуге дейін. Осылайша, ШЫҰ серіктестерінің шеңбері кеңейіп, құқықтық база бірқатар құжаттармен толығады."Төрағалығымыздың шарықтау шегі Астанадағы саммит болмақ, оған біз көбірек көңіл бөлеміз. Біз ШЫҰ қызметін одан әрі жетілдіру саласында стратегиялық маңызды шешімдер қабылданады деп күтеміз. Орта мерзімді кезеңге арналған өзара іс-қимылдың негізгі бағыттары айқындалып, ағымдағы сын-қатерлер мен қауіп-қатерлерге уақтылы ден қою үшін бастамалар әзірленетін болады. Саммиттің қорытынды шешімдерінде "Шанхай рухының" іргелі қағидаттары – өзара сенім, достық, тиімділік және бір-бірінің мүдделерін ескеру толық қамтылады деп күтеміз", - деді президент Синьхуа агенттініге берген сұхбатында.
https://sputnik.kz/20240628/shyu-sammiti-astanada-kuzet-kusheytiledi-45293050.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/06/0c/44922915_62:0:1218:867_1920x0_80_0_0_77fc560c9aa32d121cf84f4a702d3ac1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шыұ, қасым-жомарт тоқаев, сұхбат
шыұ, қасым-жомарт тоқаев, сұхбат
Сенім, достық, бір-бірінің мүдделерін ескеру: Тоқаев ШЫҰ саммитінен не күтетінін айтты
09:18 01.07.2024 (жаңартылды: 10:58 02.07.2024) Президенттің айтуынша, биыл 3 шілдеде, ширек ғасырдан сәл астам уақыттан кейін Шанхай кеңістігінің жиыны Қазақстанға қайта оралуының символикалық мәні бар
АСТАНА, 1 шілде - Sputnik. 2-4 шілде күндері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді. Сондай-ақ Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 24-ші отырысына қатысады. Сапар қарсаңында Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Синьхуа агенттігіне жазбаша сұхбат берді.
Ол сұхбатта Шанхай ынтымақтастық ұйымымен ерекше қарым-қатынаста екенін атап өтті.
"1996 жылы сәуірде оның құрылуына қатысуға, келіссөздерге және құжаттарды дайындауға қатысуға мүмкіндігім болды. "Шанхай бестігі" құрылуының басында өздерінің амбицияларын көрсетті және бүгінгі күнге дейін сенім шараларын арттыру төңірегінде қалыптасты", - деді Тоқаев.
Президенттің айтуынша, биыл 3 шілдеде, ширек ғасырдан сәл астам уақыттан кейін Шанхай кеңістігінің жиыны Қазақстанға қайта оралуының символикалық мәні бар.
"Осы жылдар ішінде Шанхай бестігінің құрамы екі есеге артып, Астанадағы саммиттен Ұйым толыққанды Шанхай ондығы форматында жұмыс істей бастайды. ШЫҰ-ға төрағалық өте маңызды және сонымен бірге өте жауапты миссия екенін ерекше атап өткім келеді. Ұйымның негізін қалаушылардың бірі және көпжақты диалогты дамытудың белсенді қолдаушысы ретінде Қазақстан Ұйымды өзінің теңгерімді сыртқы саясатындағы тұрақты басымдық ретінде қарастырады", - деді мемлекет басшысы.
Мемлекет басшысының айтуынша, дәл осы уәждер Қазақстан төрағалығының қағидаттары мен кең ауқымды күн тәртібін әзірлеуде басшылық етті.
"Біздің күш-жігеріміз қауіпсіздік мәселелерін шешудің ортақ тәсілдерін әзірлеуге, сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға, қоршаған ортаны қорғауға және халықтарымыз арасындағы достық байланыстарды нығайтуға бағытталатын болады", - деді президент сұхбатында.
Тоқаевы ұйымның ірі халықаралық және өңірлік құрылымдармен байланысын кеңейту арқылы оның халықаралық беделін одан әрі нығайту маңызды міндет екеніне тоқталды. Мемлекет басшысының сөзінше, қазірдің өзінде 150-ден астам іс-шара өткізілді: Нью-Йорктен Бейжіңге, Найробиден Мәскеуге дейін. Осылайша, ШЫҰ серіктестерінің шеңбері кеңейіп, құқықтық база бірқатар құжаттармен толығады.
"Төрағалығымыздың шарықтау шегі Астанадағы саммит болмақ, оған біз көбірек көңіл бөлеміз. Біз ШЫҰ қызметін одан әрі жетілдіру саласында стратегиялық маңызды шешімдер қабылданады деп күтеміз. Орта мерзімді кезеңге арналған өзара іс-қимылдың негізгі бағыттары айқындалып, ағымдағы сын-қатерлер мен қауіп-қатерлерге уақтылы ден қою үшін бастамалар әзірленетін болады. Саммиттің қорытынды шешімдерінде "Шанхай рухының" іргелі қағидаттары – өзара сенім, достық, тиімділік және бір-бірінің мүдделерін ескеру толық қамтылады деп күтеміз", - деді президент Синьхуа агенттініге берген сұхбатында.