Жаңбыр жауып, ыстық басылады: алдағы үш күнде ауа райы қандай болады

© Photo : Unsplash / Simon KuznetsovЛетний дождь
Летний дождь  - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.06.2024
Жазылу
Қазгидромет 29 маусым мен 1 шілдеге аралығына ауа райы болжамын ұсынды
АСТАНА, 28 маусым - Sputnik. Синоптиктердің болжауынша, Қазақстан аумағындағы атмосфералық ауа райы жағдайын ылғалы мол оңтүстік циклоны анықтайды.
"Сол себепті жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, елдің солтүстік-батысы мен солтүстігінде қатты жаңбыр жауады. Сонымен қатар бұршақ жауып, дауыл тұрып, жел күшейеді деп болжанып отыр", - деп жазылған хабарламада.
Аптап ыстық Қазақстанның солтүстігінде және орталығында +18+28°С-қа дейін, шығыста +20+35°С-қа дейін, оңтүстікте +23+33°С-қа дейін, оңтүстік-шығыста +16+33°С-қа дейін біртіндеп басылады, ал елдің батысы мен солтүстік-батысында күрт өзгеріс болмайды.
Солнце - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.06.2024
Үндістанда аптап ыстықтан 50-ге жуық адам көз жұмды
Жаңалықтар
0