Үндістанда аптап ыстықтан 50-ге жуық адам көз жұмды

Солнце
Солнце - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.06.2024
Жазылу
АСТАНА, 1 маусым – Sputnik. Үндістанның бірнеше қаласында температура Цельсий бойынша 45 градустан асып, ондаған адам көз жұмды, деп хабарлады BBC.
29 мамырда Делиде 52,9 градус аптап ыстық болды. Қалада құстар мен жабайы маймылдар есінен танып жатыр.
Қатты ыстық су дағдарысына алып келді: су көбірек тұтынылып, өзендерде су азайған. Үндістан астанасының кейбір аудандарында билік автоцистерналар әкелуге мәжбүр болды.
Үндістанның кейбір аймақтарында мектептерде сабақ уақытша тоқтатылды. Көшелер бос қалды, көптеген дүкен жабылды: адамдар далаға шықпауға тырысып жатыр.
Елде қолайсыз ауа райы қазірдің өзінде 50-ге жуық адамның өмірін қиды. Дәл айту қиын: Үндістан ыстықтан қайтыс болғандардың жалпы санын жариялаған жоқ.
Осы аптада ең қатты ыстық болған Раджастхан штатының Жоғарғы соты билік халықты қорғау үшін тиісті шараларды қабылдамағанын мәлімдеді.
"Осы айда аптап ыстықтан жүздеген адам қайтыс болды", - деді сот бейсенбіде.
Фонтаны в Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.07.2023
Ыстықтан қалай қорғану керек
Жаңалықтар
0