https://sputnik.kz/20240628/masimovke-raqymshylyq-zhasalmaydy-45285405.html
Мәсімовке рақымшылық жасалмайды
Мәсімовке рақымшылық жасалмайды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 28 маусым – Sputnik. Қазақстан президенті жанындағы рақымшылық комиссиясы ҰҚК экс-басшысы Кәрім Мәсімовтың өтініші бойынша өз шешімін шығарды. Бұл... 28.06.2024, Sputnik Қазақстан
2024-06-28T13:11+0500
2024-06-28T13:11+0500
2024-06-28T13:41+0500
кәрім мәсімов
https://sputnik.kz/img/1263/73/12637379_0:130:3179:1918_1920x0_80_0_0_1c68c721f6e05cd1302e7b341845d22c.jpg
АСТАНА, 28 маусым – Sputnik. Қазақстан президенті жанындағы рақымшылық комиссиясы ҰҚК экс-басшысы Кәрім Мәсімовтың өтініші бойынша өз шешімін шығарды. Бұл туралы комиссия мүшесі Марат Башимов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Мәжіліс депутаты басқа мемлекеттік орган өкілдерімен бірге комиссия құрамына кіреді. Олар рақымшылық туралы материалдарды алдын ала қарайды. Бірақ комиссия консультативтік-кеңестік орган болып саналады. Ал соңғы шешімді президенттің өзі шығарады.Еске салсақ, Кәрім Мәсімов 2022 жылғы қаңтар оқиғасы кезінде ұсталды. Кәрім Мәсімов Қылмыстық кодекстің175-бабының 1-бөлігі, 179-бабының 3-бөлігі, 362-бабының 4-бөлігі 3-тармағы бойынша кінәлі деп танылды. Жазаны ішінара қосу арқылы 18 жылға бас бостандығынан айыру, мүлкі тәркіленіп, өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды.Ал Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында депутат комиссияның шешімін түсіндірді. "Біз комиссия өкілдері ретінде рақымшылық жасауға қатысты ұсыныс қана жасай аламыз. Ал рақымшылық жасау я жасамауды президент шешеді. Біз кейбір материалдар бойынша рақымшылықты қолдадық, бірақ дәл осы мәселе бойынша қолдаған жоқпыз. Барлық комиссия бірауыздан қарсы болды", - деп атап көрсетті Башимов. Оның сөзіне қарағанда, әдетте комиссиядан кейін ондай мәселелер жылдам қаралады. Сондықтан президент те өз шешімін тез қабылдауы тиіс.
https://sputnik.kz/20230309/masimov-densaulygyna-baylanysty-bosatyluy-mumkin-be--ishki-ister-ministri-zhauap-berdi-32781769.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1263/73/12637379_224:0:2955:2048_1920x0_80_0_0_df5529affc313251b5a15d8a6773e5f8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
кәрім мәсімов
Мәсімовке рақымшылық жасалмайды
13:11 28.06.2024 (жаңартылды: 13:41 28.06.2024) АСТАНА, 28 маусым – Sputnik. Қазақстан президенті жанындағы рақымшылық комиссиясы ҰҚК экс-басшысы Кәрім Мәсімовтың өтініші бойынша өз шешімін шығарды. Бұл туралы комиссия мүшесі Марат Башимов мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Мәжіліс депутаты басқа мемлекеттік орган өкілдерімен бірге комиссия құрамына кіреді. Олар рақымшылық туралы материалдарды алдын ала қарайды. Бірақ комиссия консультативтік-кеңестік орган болып саналады. Ал соңғы шешімді президенттің өзі шығарады.
"Комиссияның соңғы отырысында рақымшылық туралы кейбір материалдар қаралды. Жаза мерзімін екі жылға қысқарту бойынша кейбір оң ұсыныстар болды. К.Мәсімовке рақымшылық жасау мәселесі бойынша журналистердің сұрағына жауап: комиссия оның өтінішін кері қайтаруға ұсыныс жасады", - деп жазды Башимов әлеуметтік желідегі парақшасында.
Еске салсақ, Кәрім Мәсімов 2022 жылғы қаңтар оқиғасы кезінде ұсталды. Кәрім Мәсімов Қылмыстық кодекстің175-бабының 1-бөлігі, 179-бабының 3-бөлігі, 362-бабының 4-бөлігі 3-тармағы бойынша кінәлі деп танылды. Жазаны ішінара қосу арқылы 18 жылға бас бостандығынан айыру, мүлкі тәркіленіп, өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды.
Ал
Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында депутат комиссияның шешімін түсіндірді.
"Біз комиссия өкілдері ретінде рақымшылық жасауға қатысты ұсыныс қана жасай аламыз. Ал рақымшылық жасау я жасамауды президент шешеді. Біз кейбір материалдар бойынша рақымшылықты қолдадық, бірақ дәл осы мәселе бойынша қолдаған жоқпыз. Барлық комиссия бірауыздан қарсы болды", - деп атап көрсетті Башимов.
Оның сөзіне қарағанда, әдетте комиссиядан кейін ондай мәселелер жылдам қаралады. Сондықтан президент те өз шешімін тез қабылдауы тиіс.