https://sputnik.kz/20230309/masimov-densaulygyna-baylanysty-bosatyluy-mumkin-be--ishki-ister-ministri-zhauap-berdi-32781769.html
Мәсімов денсаулығына байланысты босатылуы мүмкін бе – ішкі істер министрі жауап берді
Мәсімов денсаулығына байланысты босатылуы мүмкін бе – ішкі істер министрі жауап берді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 9 наурыз — Sputnik. Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов жауапқа тартылған адамды денсаулығына байланысты түрмеден босатып, емдеуге жіберу тәртібін... 09.03.2023, Sputnik Қазақстан
2023-03-09T12:54+0500
2023-03-09T12:54+0500
2023-03-09T12:54+0500
кәрім мәсімов
https://sputnik.kz/img/1263/74/12637489_0:0:3159:1777_1920x0_80_0_0_43c3137896dbca25826911dec72aeabf.jpg
АСТАНА, 9 наурыз — Sputnik. Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов жауапқа тартылған адамды денсаулығына байланысты түрмеден босатып, емдеуге жіберу тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Министрдің айтуынша, бүгінде онкологиямен ауыратын адамды түрмеден босату қарастырылған."Аурулардың нақты тізімі бар. Мысалы, онкология болса, сатысына қарайды. Сосын террорист болсын, мемлекетке опасыздық жасаған адам болсын, оны емдеу үшін түрмеден босатады", - деді Ахметжанов журналистерге берген сұхбатында.Осы орайда журналистер "ҰҚК экс-басшысы Кәрім Мәсімов осы норманы пайдалана ала ма?", - деп сұрады.Министрдің сөзіне қарағанда, оны сарапшылар шешеді. Сот шешім шығарады.Ресми мәліметке сәйкес, соңғы бес жылдың ішінде қауіпті аурулар тізімі бойынша 27 адам түрмеден емдеуге жіберілді. Олардың ішінде 25 адам көз жұмды. Екеуі ем алғаннан кейін қайтадан түрмеге қамалды."Бұл – мемлекет тарапынан жасалған гуманизм. Өлім аузында жатқан адам жақын туыстарымен бірге болады", - деп атап өтті министр.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1263/74/12637489_151:0:2882:2048_1920x0_80_0_0_f7d496a7ee5562470707d4c315c9a0a4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
кәрім мәсімов
Мәсімов денсаулығына байланысты босатылуы мүмкін бе – ішкі істер министрі жауап берді
АСТАНА, 9 наурыз — Sputnik. Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов жауапқа тартылған адамды денсаулығына байланысты түрмеден босатып, емдеуге жіберу тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Министрдің айтуынша, бүгінде онкологиямен ауыратын адамды түрмеден босату қарастырылған.
"Аурулардың нақты тізімі бар. Мысалы, онкология болса, сатысына қарайды. Сосын террорист болсын, мемлекетке опасыздық жасаған адам болсын, оны емдеу үшін түрмеден босатады", - деді Ахметжанов журналистерге берген сұхбатында.
Осы орайда журналистер "ҰҚК экс-басшысы Кәрім Мәсімов осы норманы пайдалана ала ма?", - деп сұрады.
Министрдің сөзіне қарағанда, оны сарапшылар шешеді. Сот шешім шығарады.
"Арнайы мамандар бар, алдымен сол сарапшылар қарайды. Одан кейін сот өз шешімін шығарады. Егер адамды босатуға негіз болатын қауіпті аурулардың белгілері анықталса, онда тиісті шешім шығарылады. Адам жазадан босатылмайды. Оны емдеуге жібереді. Түрмеден шығарып, ауруханаға жатқызады", - дейді Ахметжанов.
Ресми мәліметке сәйкес, соңғы бес жылдың ішінде қауіпті аурулар тізімі бойынша 27 адам түрмеден емдеуге жіберілді. Олардың ішінде 25 адам көз жұмды. Екеуі ем алғаннан кейін қайтадан түрмеге қамалды.
"Бұл – мемлекет тарапынан жасалған гуманизм. Өлім аузында жатқан адам жақын туыстарымен бірге болады", - деп атап өтті министр.