Астанада жыл басынан бері 15 бала терезеден құлап кеткен

© PhotoАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.06.2024
Жазылу
Елордалық полицейлер ата-аналарға балалардың терезеден құлап кету қаупі туралы ескертті
АСТАНА, 28 маусым - Sputnik. Астанада жыл басынан бері 15 бала терезеден құлап кеткен. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Осыған байланысты елордалық полицейлер ата-аналарды балаларын қараусыз қалдырмауға шақырды.
Полиция негізгі қауіпсіздік ережелерін жариялады:
бала үйде болса, терезені ашпаңыз;
москит торларына ешқашан сенбеңіз, балалар сүйеніп, онымен бірге құлап кетеді;
бала терезені өздігінен аша алмайтындай арнайы қорғаныс жүйелерін орнатыңыз (бекіткіштер, блокаторлар);
барлық жиһазды, соның ішінде төсекті терезеден алыс қойыңыз.
"Балалардың көпқабатты үйлердің терезелерінен құлап кетуіне жол бермеу мақсатында полиция қызметкерлері тұрақты түрде профилактикалық жұмыстар жүргізіп, қала тұрғындарына қауіпсіздік шаралары туралы ескертеді", - деп жазылған хабарламада.
Ребенок у окна, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.08.2023
Астанада терезеден 6 жасар бала құлап кетті
Жаңалықтар
0