Астанада терезеден 6 жасар бала құлап кетті

© Sputnik / Владислав ВодневРебенок у окна, архивное фото
Ребенок у окна, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.08.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 9 тамыз – Sputnik. Астанада 9-қабаттың терезесінен 6 жасар бала құлап кетті, деп хабарлайды қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиға 9 тамызда болған.
"Алған жарақаттарынан алты жасар бала сол жерде қайтыс болды. Бұл факт бойынша тексеру жүргізіледі. Сараптама жасалады", - дейді ведомство.
Полиция ата-аналарға үйдегі сақтық шараларын күшейтуді айтып дабыл қағып жатыр.
"Егер сіздің балаңыз үйде болса, терезелерді ашық ұстамаңыз. Ешқашан москит торларына сенбеңіз, балалар оған сүйенем деп, москит тормен бірге құлап кетеді. Балаңыз терезені өздігінен аша алмауы үшін терезелерге арнайы қорғаныс жүйелерін: құлыптар, блокаторлар орнатыңыз", - дейді полиция.
Жаңалықтар
0