Оқиға

Тараздағы жарылыстың себебі белгілі болды

Тараз
Тараз - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.06.2024
Жазылу
Оқиға болған аумақтағы жер асты кабелі тоқтан ажыратылып, жөндеу жұмыстары жалғасуда
АСТАНА, 23 маусым - Sputnik. Тараздағы жойқын жарылыстың себебі анықталды, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Әкімдіктің ресми ақпаратына сәйкес, төтенше жағдай 22 маусым күні сағат 21:41-де "Қарасу" ықшам ауданындағы 26-үй аумағында болған. Үйдің кіреберістерінің бірінде асфальт жабыны жарылып, соның салдарынан электр энергиясы өшіп қалды.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, оқиға орнына жеткен газ шаруашылығы қызметінің мамандары аумақты газ талдайтын арнайы жабдықпен тексеріп, олар ауада газ қоспасы анықталмағынын айтты. Сонымен қатар, бұл жерден газ құбыры жүргілізлемегі де белгілі болды.
"Самал" шағын ауданында орналасқан "Рысбек" 110/6 кВ қосалқы стансасының 414 филерінен шығатын №10 тарату пунктіне апаратын жерасты жоғары вольтты кабель істен шықты. Апатты өшіру кезінде ұяшық автоматты түрде өшіп, жер асты кабелі қуат көзінен ажыратылды. Дәл осы 110/6 кВ кабель оқиға болған жер арқылы өтеді. Сағат 22:47-де жарықсыз қалған 10-шы шағын ауданда резервтік желілер арқылы электр жарығын беру қалпына келтірілді", - деп хабарлады әкімдіктегілер.
Оқиға болған аумақтағы жер асты кабелі тоқтан ажыратылып, жөндеу жұмыстары жалғасуда.
Тараздағы төтенше жағдай - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.06.2024
Қоғам
Таразда жарылыс болды
Жаңалықтар
0