https://sputnik.kz/20240621/vengriya-nato-nyn-ukrainadagy-askeri-missiyasyna-qatyspaydy--orban-45111825.html
Венгрия НАТО-ның Украинадағы әскери миссиясына қатыспайды – Орбан
Венгрия НАТО-ның Украинадағы әскери миссиясына қатыспайды – Орбан
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 21 маусым – Sputnik. Будапешт НАТО-ның Украинадағы әскери миссиясына қатыспайды, деп мәлімдеді Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан Коссут радиосына... 21.06.2024, Sputnik Қазақстан
2024-06-21T17:55+0500
2024-06-21T17:55+0500
2024-06-21T17:55+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
венгрия
https://sputnik.kz/img/07e7/0b/02/39834864_0:0:2798:1574_1920x0_80_0_0_2925a7f3203b751cc3fe0babb191cc7b.jpg
АСТАНА, 21 маусым – Sputnik. Будапешт НАТО-ның Украинадағы әскери миссиясына қатыспайды, деп мәлімдеді Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан Коссут радиосына берген сұхбатында.Оның айтуынша, "еуропалық пойыз соғысқа бет алды", ал "машинисті ары қарай жүрмеуге көндіру мүмкін болмады". Енді қарашадағы сайлаудан кейін Ақ үйге оралса, АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп қана "пойызды тоқтата алады".Орбан сонымен қатар еуропалық соғысты қолдайтын саясаткерлерді Ресейді жеңгісі келгенімен, Батыстың Украинадағы қақтығыста Ресейді жеңуі мүмкін емес екенін айтты.Венгрия сыртқы істер министрі Петер Сийярто атап өткендей, НАТО Украинаға қару-жарақ жеткізу және оның сарбаздарын даярлаудағы үйлестіруші рөлін арттырғысы келеді. Дипломат бұл шешімді 31 ел қолдайтынын, бірақ Будапешттің бұған еш қатысқысы келмейтінін түсіндірді.
https://sputnik.kz/20240618/qytay-nato-ny-ukraina-dagdarysyna-qatysty-kozqarasyn-qayta-qarauga-shaqyrdy-45030920.html
венгрия
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0b/02/39834864_0:0:2732:2048_1920x0_80_0_0_e5e555b5d1c383edb686bc15f8a097d2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
венгрия
Венгрия НАТО-ның Украинадағы әскери миссиясына қатыспайды – Орбан
АСТАНА, 21 маусым – Sputnik. Будапешт НАТО-ның Украинадағы әскери миссиясына қатыспайды, деп мәлімдеді Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан Коссут радиосына берген сұхбатында.
"Біз ең төменгі мақсатқа жеттік, мен НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенбергпен келістім, Венгрия бұл "сапардан" тыс қалады. НАТО-ның Украинада әскери миссиясы болады, бірақ Венгрия оған қарумен де, ақша немесе әскермен де қатыспайды", - деді үкімет басшысы.
Оның айтуынша, "еуропалық пойыз соғысқа бет алды", ал "машинисті ары қарай жүрмеуге көндіру мүмкін болмады". Енді қарашадағы сайлаудан кейін Ақ үйге оралса, АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп қана "пойызды тоқтата алады".
Орбан сонымен қатар еуропалық соғысты қолдайтын саясаткерлерді Ресейді жеңгісі келгенімен, Батыстың Украинадағы қақтығыста Ресейді жеңуі мүмкін емес екенін айтты.
Венгрия сыртқы істер министрі Петер Сийярто атап өткендей, НАТО Украинаға қару-жарақ жеткізу және оның сарбаздарын даярлаудағы үйлестіруші рөлін арттырғысы келеді. Дипломат бұл шешімді 31 ел қолдайтынын, бірақ Будапешттің бұған еш қатысқысы келмейтінін түсіндірді.