Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Қытай НАТО-ны Украина дағдарысына қатысты көзқарасын қайта қарауға шақырды

© Sputnik / Алексей Витвицкий / Медиабанкке өтуНАТО
НАТО - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.06.2024
Жазылу
АСТАНА, 18 маусым – Sputnik. НАТО Украина дағдарысы бойынша әрекетін қайта қарауы керек. Бұл туралы Қытай сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Линь Цзянь брифингте мәлімдеді.
"Қырғи қабақ соғыстың өнімі және әлемдегі ең үлкен әскери топ - НАТО-ның Украина дағдарысындағы рөлі туралы халықаралық қауымдастықтың әділ пікірі бар. НАТО Қытайға жала жабудан гөрі өз әрекеттерін қайта қарастыруы керек", – деді дипломат.
Ол альянстың бас хатшысы Йенс Столтенбергтің "Бейжің Мәскеуге әскери көмек көрсетіп отырғаны үшін Қытайды жауап беруге мәжбүрлеуі керек" деген сөзіне осылай пікір білдірді.
Линь Цзянь Украина дағдарысын Қытайдың жасап отырмағанын және елдің бейбіт келіссөздер жүргізуге тұрақты түрде күш салып жатқанын айтты.
"Біз тиісті тараптарға кінә мен жауапкершілікті басқаларға артуды, алауыздық тудыруды, отқа май құюды және блоктық қақтығысты қоздыруды тоқтатуды және дағдарысты саяси жолмен шешу үшін маңызды әрекет жасауды ұсынамыз", - деді Линь Цзянь.
2023 жылдың ақпанында Қытай егемендікті құрметтеу, бейбіт келіссөздерді бастау және біржақты санкцияларды алып тастау сияқты 12 тармақты қамтитын Украина қақтығысын саяси реттеу туралы позициялық құжатты жариялады. Осы жылдың мамыр айында Қытай мен Бразилия Украина дағдарысын саяси жолмен шешуге қатысты алты тармақтан тұратын консенсусты бірлесіп жариялап, құжат 100-ден астам елден қолдау алған.
Жаңалықтар
0