https://sputnik.kz/20240618/reseymen-shekaralas-aumaqtarda-shegirtke-uyirine-monitoring-kusheytiledi-45038526.html
Ресеймен шекаралас аумақтарда шегіртке үйіріне мониторинг күшейтіледі
Ресеймен шекаралас аумақтарда шегіртке үйіріне мониторинг күшейтіледі
Sputnik Қазақстан
Сонымен қатар Қытай мен Өзбекстан шекарасында зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр 18.06.2024, Sputnik Қазақстан
2024-06-18T19:26+0500
2024-06-18T19:26+0500
2024-06-18T19:26+0500
қостанай облысы
ақтөбе облысы
https://sputnik.kz/img/537/32/5373276_0:976:1906:2048_1920x0_80_0_0_8db00ad47b47c346592f30b77b98ad23.jpg
АСТАНА, 18 маусым – Sputnik. Қостанай және Ақтөбе облыстарындағы Ресеймен шектесетін аумақтарда шегіртке үйіріне мониторинг күшейтіледі. Бұл туралы шегірткеге қарсы күрес жөніндегі орталық жедел штаб отырысында АШМ Мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Дархан Әбдікәрімов мәлімдеді.Шекарадағы шегірткелердің ұшу қаупі жоғары аймаққа Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданы, сондай-ақ үйірлі көші-қон жолдары өтетін Қостанай облысының Жітіқара және Денисов аудандары жатады.Қостанай облысының Жангелді және Қамысты аудандарында көшпелі шегіртке үйірін жедел өңдеу үшін 21 техника жұмыс істеп жатыр. Шегірткелердің саны көбейген жағдайда қосымша техника жеткізуге дайындық бар.Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы атап өткендей, Ресей салалық ведомствосымен бірлескен қарсы іс-қимыл шаралары пысықталуда.Сонымен қатар Қытай мен Өзбекстан шекарасында зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.Бүгінгі таңда шегіртке үйіріне қарсы қорғаныс шаралары 1,3 млн гектарға немесе болжанған алаңның 51,7%-ына жүргізілді.Италиялық прусқа қарсы химиялық өңдеу 920,6 мың гектарға немесе болжам аумақтың 44,5%-ына жасалды. Оның ішінде Қостанай облысында 184 мың гектар немесе қажетті алқаптың 84%-ы, Ақтөбе облысында – 431,5 мың гектар немесе 93%-ы өңделді.
https://sputnik.kz/20240616/shegirtkege-qarsy-kures-turkistan-oblysynda-zhagday-turaqtandy-44992417.html
қостанай облысы
ақтөбе облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/537/32/5373276_0:975:1430:2048_1920x0_80_0_0_2e353b39e4883749908b2afb4a7384df.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қостанай облысы, ақтөбе облысы
қостанай облысы, ақтөбе облысы
Ресеймен шекаралас аумақтарда шегіртке үйіріне мониторинг күшейтіледі
Сонымен қатар Қытай мен Өзбекстан шекарасында зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр
АСТАНА, 18 маусым – Sputnik. Қостанай және Ақтөбе облыстарындағы Ресеймен шектесетін аумақтарда шегіртке үйіріне мониторинг күшейтіледі. Бұл туралы шегірткеге қарсы күрес жөніндегі орталық жедел штаб отырысында АШМ Мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Дархан Әбдікәрімов мәлімдеді.
Шекарадағы шегірткелердің ұшу қаупі жоғары аймаққа Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданы, сондай-ақ үйірлі көші-қон жолдары өтетін Қостанай облысының Жітіқара және Денисов аудандары жатады.
"Ақтөбе облысы шегірткеге қарсы күрес басқармасының өңірлік орталығының штаб-пәтерін Әйтеке би ауданына көшіру туралы шешім қабылданды", - деп жазылған үкіметтің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Қостанай облысының Жангелді және Қамысты аудандарында көшпелі шегіртке үйірін жедел өңдеу үшін 21 техника жұмыс істеп жатыр. Шегірткелердің саны көбейген жағдайда қосымша техника жеткізуге дайындық бар.
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы атап өткендей, Ресей салалық ведомствосымен бірлескен қарсы іс-қимыл шаралары пысықталуда.
Сонымен қатар Қытай мен Өзбекстан шекарасында зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Бүгінгі таңда шегіртке үйіріне қарсы қорғаныс шаралары 1,3 млн гектарға немесе болжанған алаңның 51,7%-ына жүргізілді.
Италиялық прусқа қарсы химиялық өңдеу 920,6 мың гектарға немесе болжам аумақтың 44,5%-ына жасалды. Оның ішінде Қостанай облысында 184 мың гектар немесе қажетті алқаптың 84%-ы, Ақтөбе облысында – 431,5 мың гектар немесе 93%-ы өңделді.