Шегірткеге қарсы күрес: Түркістан облысында жағдай тұрақтанды

© Sputnik / Виталий Тимкив / Медиабанкке өтуНашествие саранчи
Нашествие  саранчи  - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.06.2024
Жазылу
Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин өңірлердегі ахуал туралы есепті тыңдады
АСТАНА, 16 маусым – Sputnik. Түркістан облысында шегіртке зиянкестеріне қарсы барлық қорғаныс шарасы аяқталды, жағдай тұрақтанды. Бұл туралы шегірткенің таралуына қарсы іс-қимыл жөніндегі орталық жедел штаб отырысында белгілі болды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Болжам бойынша, өңірде шегірткелердің таралу аумағы 271,5 мың гектарды құрады, іс жүзінде 340 мыңнан астам гектар өңделді. Ақтөбе облысында 414 мың га, Қостанай облысында 140 мың га өңделген.
"Абай, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жетісу, Батыс Қазақстан облыстарында шегіртке үйіріне қарсы химиялық өңдеу жұмыстары жалғасып жатыр", - деп жазылған хабарламада.
Жамбыл және Қызылорда облыстарында өңдеу жұмыстары аяқталды.
Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарында итальялық прусқа, сондай-ақ Ақтөбе, Жамбыл, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарында азиялық шегірткеге қарсы қорғау шаралары өңделетін алаңдардың анықталуына қарай басталады.
Жедел штаб отырысының қорытындысы бойынша вице-премьер аумақтардағы мониторингті, химиялық өңдеу сапасын бақылауды күшейтуді және Түркістан облысында шығарылған техникаларды қорғау шаралары жалғасып жатқан өңірлерге жіберуді тапсырды.
Жаңалықтар
0