https://sputnik.kz/20240618/baspana-kezeginde-qanday-ozgerister-bolady--zhana-zan-maquldandy-45035591.html
Баспана кезегінде қандай өзгерістер болады – жаңа заң қабылданды
Баспана кезегінде қандай өзгерістер болады – жаңа заң қабылданды
Sputnik Қазақстан
Жаңа заң бойынша баспана алу кезінде басым құқыққа ие болатын топтардың тізімі кеңейтіледі 18.06.2024, Sputnik Қазақстан
2024-06-18T17:39+0500
2024-06-18T17:39+0500
2024-06-19T10:52+0500
баспана
баспана бағасы
баспана хит
https://sputnik.kz/img/920/43/9204334_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_5d2a35447c0ef4e3bb61efc4bfe2a18c.jpg
АСТАНА, 18 маусым – Sputnik. Мәжіліс депутаттары көптен бері талқыланып жатқан заң жобасын қабылданды. Алдағы уақытта баспана кезегіне өзгеріс енгізіледі. Соның нәтижесінде пәтерлер жылдам беріледі деген болжам бар. Ал жалдамалы үй алғандарға уақытша баспананы "қалдық бағамен" сатып алуға мүмкіндік беріледі. Sputnik Қазақстан жаңа заңның негізгі нормаларын зерделеп шықты.Баспана кезегі толығымен банкке беріледіБұдан былай баспана кезегін әкімдіктер жасамайды. Тізім Отбасы банкке тапсырылады. Оның жанынан тұрғын үймен қамту орталығы құрылады. Дәл осы құрылым баспанаға мұқтаж адамдарды тіркейді және жеңілдікпен пәтер үлестіреді. Әрине, оған дейін барлық тізім қайта тексеріледі, бұған дейін үй алғандар және қайта тіркеуге тұрғандар алынып тасталады.Депутат Ұлықбек Тумашиновтың айтуынша, Отбасы банкке құрылыс компанияларынан мемлекеттік тұрғын үй қорына баспана сатып алу құзіреті де беріледі. Осы пәтерлер кезекте тұрғандардың арасында үлестіріледі. Ал құрылыстың сапасын арнайы комиссия бақылайды.Осылайша, Отбасы банк толыққанды даму институтына айналады. Бірақ қаржылық ұйымның лицензиясы да, депозиттерді сақтандыру жүйесі де қала береді.Баспананы кезексіз алатындардың саны артадыБүгінде тұрғын үй заңнамасына сәйкес, баспана алу жағынан басым құқыққа ие топтар бар. Олар:Жаңа заң бойынша осы тізімге тағы бірнеше топ қосылады. Атап айтқанда, ҰОС ардагерлеріне теңестірілген және басқа елдерде әскери іс-қимылдарға қатысқан ардагерлер, I-II топ мүгедектері, мүгедек баланы тәрбиелеп отырған отбасылар, сондай-ақ, жаңа топ – жесірлер енгізілді. Енді осы азаматтардың барлығы баспана алу жағынан басым құқыққа ие болады.Ал мемлекеттік қызметкерлер, толық емес отбасылар, жасына байланысты зейнетке шыққан азаматтар және тағы басқа әлеуметтік осал топтардың кезегі ұзаққа созылып кетпесін деп, 70/30 жүйесі енгізіледі. Оған сәйкес, барлық баспананың 70 проценті басым құқыққа ие тізімге, ал қалған 30 проценті басқа топтардың арасында үлестіріледі. Баспана кезегіне тұру тәртібімен мына жерден танысыңыз.Жалдамалы пәтерді сатып алуға боладыЖаңа заңға сәйкес, бұған дейін сатып алу құқығынсыз жалға берілген үйлерді жекешелендіруге мүмкіндік болады. Оны "қалдық бағамен" береді.Оның айтуынша, жалдамалы үйдің қалдық құнын әкімдіктер есептеп береді. Оны бөліп төлеуге болады."Қалдық құнын шығарып бергеннен кейін 30 процентін бірден төлеу керек. Ал қалған 70 процентін 10 жылға созып, төлей беруге болады. Ешқандай проценттік үстеме де, банк те жоқ. Әкімдіктің жеке есепшоты болады, тікелей соған аудара береді", - деп түсіндірді Тумашинов.2017 жылдан бері қайтарымсыз негізде жалға берілетін тұрғын үй құрылысына республикалық бюджеттен 418 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. Оған өңірлерде 51 мың пәтер салынып, пайдалануға берілді. Демек осы баспананың барлығын қалдық құнымен сатып алуға болады.Айта кетері, мәжіліс депутаттары заңды екі оқылымда қабылдап, сенаттың қарауына енгізді. Енді жоғары палатаның депутаттары осы құжатты талқылайды. Содан кейін президентке жіберіледі. Мемлекет басшысы қол қойғаннан кейін заң күшіне енеді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Арман Асқар
https://sputnik.kz/img/07e6/02/01/22341520_723:0:2771:2048_100x100_80_0_0_d2b701657c73ab2015b40d4462be5643.jpg
Арман Асқар
https://sputnik.kz/img/07e6/02/01/22341520_723:0:2771:2048_100x100_80_0_0_d2b701657c73ab2015b40d4462be5643.jpg
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/920/43/9204334_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_5ed736bfa6d56a7fd00c845db5b6a6e4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Арман Асқар
https://sputnik.kz/img/07e6/02/01/22341520_723:0:2771:2048_100x100_80_0_0_d2b701657c73ab2015b40d4462be5643.jpg
баспана, баспана бағасы, баспана хит
баспана, баспана бағасы, баспана хит
Баспана кезегінде қандай өзгерістер болады – жаңа заң қабылданды
17:39 18.06.2024 (жаңартылды: 10:52 19.06.2024) Жаңа заң бойынша баспана алу кезінде басым құқыққа ие болатын топтардың тізімі кеңейтіледі
АСТАНА, 18 маусым – Sputnik. Мәжіліс депутаттары көптен бері талқыланып жатқан заң жобасын қабылданды. Алдағы уақытта баспана кезегіне өзгеріс енгізіледі. Соның нәтижесінде пәтерлер жылдам беріледі деген болжам бар. Ал жалдамалы үй алғандарға уақытша баспананы "қалдық бағамен" сатып алуға мүмкіндік беріледі.
Sputnik Қазақстан жаңа заңның негізгі нормаларын зерделеп шықты.
Баспана кезегі толығымен банкке беріледі
Бұдан былай баспана кезегін әкімдіктер жасамайды. Тізім Отбасы банкке тапсырылады. Оның жанынан тұрғын үймен қамту орталығы құрылады. Дәл осы құрылым баспанаға мұқтаж адамдарды тіркейді және жеңілдікпен пәтер үлестіреді. Әрине, оған дейін барлық тізім қайта тексеріледі, бұған дейін үй алғандар және қайта тіркеуге тұрғандар алынып тасталады.
Депутат Ұлықбек Тумашиновтың айтуынша, Отбасы банкке құрылыс компанияларынан мемлекеттік тұрғын үй қорына баспана сатып алу құзіреті де беріледі. Осы пәтерлер кезекте тұрғандардың арасында үлестіріледі. Ал құрылыстың сапасын арнайы комиссия бақылайды.
Осылайша, Отбасы банк толыққанды даму институтына айналады. Бірақ қаржылық ұйымның лицензиясы да, депозиттерді сақтандыру жүйесі де қала береді.
Баспананы кезексіз алатындардың саны артады
Бүгінде тұрғын үй заңнамасына сәйкес, баспана алу жағынан басым құқыққа ие топтар бар. Олар:
Ұлы Отан соғысының ардагерлері;
Жаңа заң бойынша осы тізімге тағы бірнеше топ қосылады. Атап айтқанда, ҰОС ардагерлеріне теңестірілген және басқа елдерде әскери іс-қимылдарға қатысқан ардагерлер, I-II топ мүгедектері, мүгедек баланы тәрбиелеп отырған отбасылар, сондай-ақ, жаңа топ – жесірлер енгізілді. Енді осы азаматтардың барлығы баспана алу жағынан басым құқыққа ие болады.
Ал мемлекеттік қызметкерлер, толық емес отбасылар, жасына байланысты зейнетке шыққан азаматтар және тағы басқа әлеуметтік осал топтардың кезегі ұзаққа созылып кетпесін деп, 70/30 жүйесі енгізіледі. Оған сәйкес, барлық баспананың 70 проценті басым құқыққа ие тізімге, ал қалған 30 проценті басқа топтардың арасында үлестіріледі. Баспана кезегіне тұру тәртібімен
мына жерден танысыңыз.
Жалдамалы пәтерді сатып алуға болады
Жаңа заңға сәйкес, бұған дейін сатып алу құқығынсыз жалға берілген үйлерді жекешелендіруге мүмкіндік болады. Оны "қалдық бағамен" береді.
"Баланстық баға "және" қалдық баға" деген түсінік бар. Мәселен, жалдамалы пәтер 2017 жылы берілді дейік, ол кезде үйдің баланстық бағасы 8 миллион теңге болды. Одан 2 процент көлемінде жылдық амортизацияны алып тастайды. 7 жылда 14 процент болса, жаңағы үйдің қалдық құны 7,1 миллион болады", - деді депутат Тумашинов
Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында.
Оның айтуынша, жалдамалы үйдің қалдық құнын әкімдіктер есептеп береді. Оны бөліп төлеуге болады.
"Қалдық құнын шығарып бергеннен кейін 30 процентін бірден төлеу керек. Ал қалған 70 процентін 10 жылға созып, төлей беруге болады. Ешқандай проценттік үстеме де, банк те жоқ. Әкімдіктің жеке есепшоты болады, тікелей соған аудара береді", - деп түсіндірді Тумашинов.
2017 жылдан бері қайтарымсыз негізде жалға берілетін тұрғын үй құрылысына республикалық бюджеттен 418 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. Оған өңірлерде 51 мың пәтер салынып, пайдалануға берілді. Демек осы баспананың барлығын қалдық құнымен сатып алуға болады.
Айта кетері, мәжіліс депутаттары заңды екі оқылымда қабылдап, сенаттың қарауына енгізді. Енді жоғары палатаның депутаттары осы құжатты талқылайды. Содан кейін президентке жіберіледі. Мемлекет басшысы қол қойғаннан кейін заң күшіне енеді.