Алматының түнгі клубында ұсталған жігіт 10 жылға сотталды

© Sputnik / Алексей Вовк / Медиабанкке өтуСотрудник правоохранительных органов снимает наручники, архивное фото
Сотрудник правоохранительных органов снимает наручники, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.06.2024
Жазылу
Тінту кезінде ақ түсті синтетикалық ұнтақ салынған түйіншек табылды
АСТАНА, 17 маусым – Sputnik. Алматының түнгі клубында ұсталған жігіт есірткі таратқаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Былтыр қыркүйек айында түнгі клубта синтетикалық есірткі сатып жүрген 27 жастағы жігіт ұсталған болатын.
Тінту кезінде ақ түсті синтетикалық ұнтақ салынған түйіншек табылды. Барлығы сот-химиялық сараптамаға жіберілді. Оған қатысты Қылмыстық кодекстің 297-бабы (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша іс қозғалды.
Ұсталған жігіт жақында 28-ге толды. Сотта ол Қылмыстық кодекстің 297-бабы, 3-бөлігінің 6-тармағы (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу, қоғамдық орында жасалған іс-әрекеттер) бойынша кінәлі деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айырылды.
Операция по ликвидации крупного производства психотропных веществ - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.06.2024
Алматыда есірткі өндіретін жерасты зертханасы анықталды
Жаңалықтар
0