Алматыда есірткі өндіретін жерасты зертханасы анықталды

© Photo : КНБ КазахстанаОперация по ликвидации крупного производства психотропных веществ
Операция по ликвидации крупного производства психотропных веществ - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.06.2024
Жазылу
Табылған есірткінің құны "қара" нарықта шамамен 140 млн теңгені құрауы мүмкін
АЛМАТЫ, 2 маусым - Sputnik. Алматы қаласы бойынша ҰҚК департаменті қалалық прокуратураның үйлестіруімен синтетикалық есірткі өндіру бойынша жерасты зертханасы әрекетінің жолын кесті.
Жеке үйлердің бірінде психотроптық заттарды дайындау процесінде Қазақстанның екі азаматы ұсталды.
Тінту барысында 7 кг "мефедрон" психотроптық заты және 200 литр прекурсорлар, сондай-ақ есірткі құралдарын дайындауға арналған жабдықтар алынды.
Табылған есірткінің құны "қара" нарықта шамамен 140 млн теңгені құрауы мүмкін.
Тергеу мәліметтері бойынша, ұсталған адамдар шетелдік интернет-дүкендердің бірінің мүддесі үшін "варщиктер" деп аталатындар ретінде жұмыс істеген.
Соттың санкциясымен оларға қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.
Қылмыстық Кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Наручники, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.05.2024
Ақмола облысында подполковник есірткі сатып келген
Жаңалықтар
0