Шегірткеге қарсы күрес: министрлік өңірлердегі ахуал туралы хабарлады

© Sputnik / Алексей Куденко / Медиабанкке өтуАрхивное фото саранчи
Архивное фото саранчи - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.06.2024
Жазылу
Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарында 246 мың гектар алқап өңделді
АСТАНА, 14 маусым – Sputnik. Биыл шегірткелердің таралуы 2,5 миллион гектар аумақты қамтиды деп болжануда, ең көп таралу аймағы Ақтөбе, Қостанай және Түркістан облыстарына тиесілі.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарлауынша, химиялық өңдеуге 427 арнайы бүріккіш техника жұмылдырылған.
Қостанай облысында 98 мың гектар алқапта химиялық өңдеу жүргізілді. Оған 130 қызметкер тартылды. 55 бірлік техника пайдаланылуда.
Түркістан облысында нақты 333 мың гектар жер өңделді. Қосымша өңдеу шаралары Арыс, Сарыағаш, Келес, Ордабасы және Шардара аудандарында жалпы көлемі 72 мың гектар аумақта жүргізілді. 73 бірлік жерүсті техникасы, 4 ұшақ тартылды.
Ақтөбе облысы бойынша12 ауданда 74 бірлік техника қолданылып, 357 мың гектар алқапқа химиялық өңдеу жүргізілді. Шегірткелердің инкубациялық жерлерін зерттеуге және анықтауға 600 жуық адам тартылды.
Абай ауданында химиялық өңдеу жұмыстары жоспарға сай жүргізілуде: 24 мың гектардан астам аумақ өңделді. 100-ден астам адам жұмылдырылған, 2 ұшақ, 9 жерүсті желдеткіш бүріккіштер қолданылуда.
Жамбыл облысында шегірткеден қорғау шаралары толығымен аяқталды.
Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарында 246 мың гектар алқап өңделді.
Өңделетін аумақтар анықталған жағдайда Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарында химиялық өңдеу жұмыстары басталады.
Шегіртке - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.06.2024
Түркістан облысында шегіртке тағы 60 мың гектарға тарады
Жаңалықтар
0