Түркістан облысында шегіртке тағы 60 мың гектарға тарады

© Sputnik / Владимир Астапкович / Медиабанкке өтуШегіртке
Шегіртке - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.06.2024
Жазылу
10 маусымдағы жағдай бойынша оның 45,3 мың гектары өңделді
АСТАНА, 11 маусым – Sputnik. Үкіметте премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен орталық жедел штаб отырысында өңірлердегі шегірткенің таралуына қатысты жағдай талқыланды, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
Белсенді таралу кезеңінде зиянкестермен күрестің әрбір күні өте маңызды. Сондықтан орталық жедел штаб аптасына екі рет отырыс өткізуге көшті.
"Барлық өңір қарқынды жұмыс режимінде: ахуал үнемі бақылауға алынған және өңдеуді күшейту қажет жерлерге техника мен пестицидтердің қосымша көлемі дереу жеткізілуде", - деп жазылған хабарламада.
Түркістан облысында аптап ыстық пен шегірткенің қосымша 60 мың гектар алқапқа таралуы жағдайды қиындатып отыр. 10 маусымдағы жағдай бойынша оның 45,3 мың гектары өңделді: Арыста – 36,8 мың гектар, Шардара ауданында – 6,7 мың гектар, Келес ауданында – 1,6 мың гектар.
Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин ұйымдастыру жұмыстарын жедел басқару үшін Жетісу облысына, ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Түркістан облысына, ауыл шаруашылығы вице-министрлері Қостанай және Ақтөбе облыстарына жұмыс сапарымен барады.
Сондай-ақ Ауыл шаруашылығы министрлігінің 46 қызметкері Түркістан облысына іссапарға жіберілді, олар өңдеуге тиісті жерлерді анықтау мақсатында аумақтарды зерттеуде.
Зиянкестердің таралу аймақтары анықталған жағдайда химиялық заттардың екі еселенген дозасымен қайта өңдеу жұмыстары жүргізіледі.
Жаңалықтар
0