20 жастағы қазақстандық гроссмейстер әлем чемпионы атанды

© пресс-служба Казахстанской федерации шахматГроссмейстер Казыбек Ногербек
Гроссмейстер Казыбек Ногербек - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.06.2024
Жазылу
Бұған дейін ондай жетістікке үш қазақстандық шахматшы ғана жеткен
АСТАНА, 14 маусым – Sputnik. 20 жастағы Қазыбек Нөгербек жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында (FIDE World Junior (Open & Girls) Chess Championships 2024) топ жарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан шахмат федерациясына сілтеме жасап.
Чемпионат 2-13 маусым аралығында Үндістанның Гандинагар қаласында өтті. Оған 123 шахматшы қатысты, олардың ішінде 13 гроссмейстер және 28 халықаралық шебер болды.
Қазыбек Нөгербек 11 раундта 8½ ұпай жинап, алтын медальмен бірге 1-орынға ие болды. Екінші орында – армениялық гроссмейстер Эмин Оханян, серб шахматшысы Лука Будисавлевич үшінші орынды қанағат тұтты.
Бұған дейін ондай жетістікке үш қазақстандық шахматшы ғана жеткен. Олар – Дәрмен Сәдуақасов (1998 ж.), Динара Сәдуақасова (2016 ж.) және Жансая Әбдімәлік (2017 ж.).
Айта кетейік, 18 жасқа дейінгі әлем чемпионатының 2022 жылғы күміс жүлдегері Қазыбек Нөгербек Индиядағы жекпе-жекке шыққанда ресми түрде халықаралық шебер болып саналған. Дегенмен турнир барысында ФИДЕ президенттік кеңесінің кезекті отырысында оның гроссмейстер атағы бекітілгені белгілі болды.
Бібісара Асаубаева - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.02.2022
Спорт
17 жастағы "шахмат ханшайымы" Тоқаевқа қандай өтініш білдірді
Жаңалықтар
0