Hyundai Қостанайда қуаттылығы жылына 70 мың автомобиль шығаратын зауыт салып жатыр

© Премьер-министрдің баспасөз қызметіРоман Скляр Hyundai Motor Group вице-президентімен автоөнеркәсіптегі локализацияны тереңдету мәселесін талқылады
Роман Скляр Hyundai Motor Group вице-президентімен автоөнеркәсіптегі локализацияны тереңдету мәселесін талқылады
 - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.06.2024
Жазылу
Зауыт құрылысы өткен жылы басталды, оған $200 млн инвестиция тартылады
АСТАНА, 13 маусым – Sputnik. Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың Hyundai Motor Group компаниясының атқарушы вице-президенті Ким Донг Вукпен кездесуі өтті, оның аясында Қазақстанда автомобиль өнеркәсібін дамытудың негізгі мәселелері қаралды.
Кездесу барысында тараптар шетелдік инвестордың Қазақстан үкіметі жүргізіп отырған локализация саясатына белсенді қатысуын талқылады.
Өткен жылдың соңында компания Қостанайда автомобиль шығаратын зауыт құрылысын бастады, оған $200 млн инвестиция тартылады. Жылына 70 мың автомобиль шығаратын зауыт Оңтүстік Кореядан тысқары елдегі алғашқы ірі өндіріс орны болмақ. Зауыт 1,5 мың адамды, ал бір-бірімен байланысты салаларды есепке алғанда 2 мыңға жуық адамды жұмыспен қамтамасыз етеді деп болжанып отыр.
Қорытындылай келе, қос тарап жобаны табысты іске асыруға және өзара ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға сенім білдірді.
Ход разработки Комплексного плана развития машиностроения рассмотрен в Правительстве
 - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.07.2023
Үкімет машина жасау саласындағы өндіріс көлемін екі есеге арттыруды жоспарлап отыр
Жаңалықтар
0