Үкімет машина жасау саласындағы өндіріс көлемін екі есеге арттыруды жоспарлап отыр

© Photo : bauyr07Ход разработки Комплексного плана развития машиностроения рассмотрен в Правительстве
Ход разработки Комплексного плана развития машиностроения рассмотрен в Правительстве
 - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.07.2023
Жазылу
АСТАНА, 28 шілде – Sputnik. Үкіметте машина жасау саласын дамытудың 2028 жылға дейінгі кешенді жоспары талқыланды,деп хабарлайды премьер-министрдің баспасөз қызметі.
Жоспардың негізгі мақсаты – машина жасау саласындағы жалпы қосылған құнның 4,5 есе, өндіріс көлемінің 2,2 есе, экспорттың 2,9 есе, еңбек өнімділігінің 1,9 есе, инвестициялардың 1,5 есеге өсуін қамтамасыз ету.
Кешенді жоспар отандық өндірушілерді қолдауға және машина жасау саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған 83 іс-шараны қамтиды.
"Онда жалпы жүйелік, сондай-ақ секторлар бойынша нақты шаралар (тау-кен металлургиясы, теміржол, мұнай-газ, энергетика, электр техникасы, ауыл шаруашылығы машинасын жасау, автомобиль жасау, әуе кемелерін жасау) айқындалған", - делінген үкіметтің хабарламасында.
Жоспарды дайындау кезінде бизнестің, атап айтқанда, Қазақстан машина жасаушылар одағының ұсыныстары ескерілді.
Әлихан Смайылов индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлесіп, Кешенді жоспарды келісуді және оны бекіту туралы үкімет қаулысының жобасын енгізуді жеделдетуді тапсырды.
Премьер-министр Әлихан Смайылов Қазақстан машина жасаушыларының XI форумына қатысты - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.05.2023
Машина жасау саласындағы өндіріс көлемі төрт айда 36%-ға өсті – Смайылов
Жаңалықтар
0