https://sputnik.kz/20240611/qantar-oqigasy-prezident-rezidentsiyasy-men-akimdikke-shabuyl-zhasagandarga-ukim-shygaryldy-44901174.html
Қаңтар оқиғасы: президент резиденциясы мен әкімдікке шабуыл жасағандарға үкім шығарылды
Қаңтар оқиғасы: президент резиденциясы мен әкімдікке шабуыл жасағандарға үкім шығарылды
Sputnik Қазақстан
Сотта қаңтарда жаппай тәртіпсіздікке қатысқан 11 адамның ісі қаралды 11.06.2024, Sputnik Қазақстан
2024-06-11T16:32+0500
2024-06-11T16:32+0500
2024-06-11T16:32+0500
алматы
қаңтар оқиғасы
сот
https://sputnik.kz/img/07e6/01/0e/19144666_0:40:3067:1765_1920x0_80_0_0_8959c0fad0cfd392f28d51a83ecde534.jpg
АСТАНА, 11 маусым - Sputnik. Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қаңтарда жаппай тәртіпсіздікке қатысқан 11 адамға үкім шығарды, деп хабарлайды соттың баспасөз қызметі.Оларға жаппай тәртіпсіздік пен шабуылдарға қатысып, күзетілетін объектілерді басып алу, сондай-ақ билік өкілдеріне қарсы зорлық-зомбылық қолданған деген айып тағылды.Анықталғандай, 2022 жылдың 4-5 қаңтарында сотталушылар жаппай тәртіпсіздікке қатысып, қорғалатын объектілерге – Алматы қаласының әкімдігіне, президент резиденциясына, полиция басқармасына заңсыз кірген. Олардың қылмыстық әрекеттерінің салдарынан, мүлік пен ғимараттарға зақым келді.Сотталушылар кінәсін жартылай мойындады. Аталған қылмыстар ауыр және аса ауыр қылмыстар санатына жатады. Жаза тағайындау кезінде сот жауапкершілікті жеңілдететін жағдайларды ескерді: сотталушылардың кәмелетке толмаған балаларының болуын, денсаулық жағдайларын, отбасылық жағдайларын және бұрын сотты болмағандарын."Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, сот 10 сотталушыны ҚК 272-бабының 2-бөлігі, 380-бабының 3-бөлігі, 269-бабының 3-бөлігі-1), 4), тармақшалары бойынша кінәлі деп тапты. "Рақымшылық туралы" заң қолданылып, олардың әрқайсысы 1 жылға 9 айға бас бостандығынан айырылды", - делінген хабарламада.Бір сотталушы Қылмыстық кодекстің 272-бабының 2-бөлігі, 380-бабының 3-бөлігі, 1), 4), тармақтары, 269-1-бабының 3-бөлігі, 261-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды, оған "Рақымшылық туралы" ҚР Заңы қолданыла отырып, 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасы қолданылды.Үкім заңды күшіне енген жоқ.
https://sputnik.kz/20240319/almatyda-qantar-oqigasy-boyynsha-ustalgandardy-azaptagan-politseyler-sottaldy-43015438.html
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/01/0e/19144666_338:0:3067:2047_1920x0_80_0_0_7b2f4db56bce31a57d55433282129b28.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, қаңтар оқиғасы, сот
алматы, қаңтар оқиғасы, сот
Қаңтар оқиғасы: президент резиденциясы мен әкімдікке шабуыл жасағандарға үкім шығарылды
Сотта қаңтарда жаппай тәртіпсіздікке қатысқан 11 адамның ісі қаралды
АСТАНА, 11 маусым - Sputnik. Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қаңтарда жаппай тәртіпсіздікке қатысқан 11 адамға үкім шығарды, деп хабарлайды соттың баспасөз қызметі.
Оларға жаппай тәртіпсіздік пен шабуылдарға қатысып, күзетілетін объектілерді басып алу, сондай-ақ билік өкілдеріне қарсы зорлық-зомбылық қолданған деген айып тағылды.
Анықталғандай, 2022 жылдың 4-5 қаңтарында сотталушылар жаппай тәртіпсіздікке қатысып, қорғалатын объектілерге – Алматы қаласының әкімдігіне, президент резиденциясына, полиция басқармасына заңсыз кірген. Олардың қылмыстық әрекеттерінің салдарынан, мүлік пен ғимараттарға зақым келді.
"Тәртіпсіздік барысында үш сотталушы әскерилер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне зорлық-зомбылық көрсетті. Ал, сотталушылардың біреуі екі әскери курсантты тұтқынға алып, жеңіл дене жарақаттарын келтірген", - деп хабарлайды соттың баспасөз қызметі.
Сотталушылар кінәсін жартылай мойындады. Аталған қылмыстар ауыр және аса ауыр қылмыстар санатына жатады. Жаза тағайындау кезінде сот жауапкершілікті жеңілдететін жағдайларды ескерді: сотталушылардың кәмелетке толмаған балаларының болуын, денсаулық жағдайларын, отбасылық жағдайларын және бұрын сотты болмағандарын.
"Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, сот 10 сотталушыны ҚК 272-бабының 2-бөлігі, 380-бабының 3-бөлігі, 269-бабының 3-бөлігі-1), 4), тармақшалары бойынша кінәлі деп тапты. "Рақымшылық туралы" заң қолданылып, олардың әрқайсысы 1 жылға 9 айға бас бостандығынан айырылды", - делінген хабарламада.
Бір сотталушы Қылмыстық кодекстің 272-бабының 2-бөлігі, 380-бабының 3-бөлігі, 1), 4), тармақтары, 269-1-бабының 3-бөлігі, 261-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды, оған "Рақымшылық туралы" ҚР Заңы қолданыла отырып, 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасы қолданылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.