Алматыдағы жаппай тәрпісіздіктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.05.2022
Қаңтар оқиғасы
2022 жылғы қаңтарда Алматы қаласы мен басқа да өңірлерде болған жаппай тәртіпсіздіктерге қатысты материалдар

Алматыда қаңтар оқиғасы бойынша ұсталғандарды азаптаған полицейлер сотталды

© AP Photo / Jean-Francois BadiasАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.03.2024
Жазылу
Заңсыз әрекеттің салдарынан үш жәбірленуші жарақат алған
АСТАНА, 19 наурыз – Sputnik. Қаңтар оқиғасы бойынша ұсталғандарды азаптаған полиция қызметкерлері сотталды, деп хабарлады Алматы прокуратурасы.
"19 наурызда Алматы қаласы Алмалы аудандық сотында қаңтар оқиғасы кезінде ұсталғандарды азаптау фактісі бойынша үш полиция қызметкеріне қатысты үкім жарияланды.Қылмыстық істі Алматы қаласының арнайы прокурорлары тергеді", - деп жазылған хабарламада.
Прокурорлар 2022 жылдың 9 қаңтарында Алмалы аудандық полиция басқармасында 3 азаматты полицейлер азаптағанын дәлелдеді.
Заңсыз әрекеттің салдарынан үш жәбірленуші жарақат алған.
Сот үкімімен үш сотталушы арнаулы атақтары мен мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылып, оларға 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза кесілді.
Олар сот залында қамауға алынды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Жаңалықтар
0