Петропавлда су тасқынынан зардап шеккендер жаңа баспананың ішін көрсетті

© Петропавл қаласының әкімдігіСолтүстік Қазақстанда су тасқынынан зардап шеккендерге тұрғын үй берілді
Солтүстік Қазақстанда су тасқынынан зардап шеккендерге тұрғын үй берілді - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.06.2024
Жазылу
Қала іргесінде 40 күннің ішінде жаңа үш бөлмелі коттеджер салынды
АСТАНА, 11 маусым – Sputnik. Қазақстанда су тасқынынан зардап шеккен отбасылар жаңа баспанаға кіре бастады. Біреулер қаладан пәтер таңдаса, басқалары жер үйді алып жатыр. Жақында Петропавл қаласына жақын жерде Бірлік шағын ауданы бой көтерді. Ол жерде 40 күннің ішінде жаңа үш бөлмелі коттеджер салынды. Sputnik Қазақстан тілшісі баспана иелеріне хабарласып, жаңа үйге қатысты пікірлерін білді.

"Бау-бақша егіп үлгереміз"

62 жастағы Оразғали Әлдекеев бұрын Ойқала (Подгора) шағын ауданында тұрған. Биыл ол жерді су басып, үйлер шатырына дейін судың астында қалды. Комиссияның шешімімен Оразғалидың үйі тұруға жарамсыз деп танылды. Оның орнына жаңадан үй салып берді.
© Петропавл қаласының әкімдігіСолтүстік Қазақстанда су тасқынынан зардап шеккендерге тұрғын үй берілді
Солтүстік Қазақстанда су тасқынынан зардап шеккендерге тұрғын үй берілді - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.06.2024
Солтүстік Қазақстанда су тасқынынан зардап шеккендерге тұрғын үй берілді
"Жаңа үйде қонғанымызға екі күн болды. Үй жақсы, жылы. Бірінші күні пешті кішкене жақтым, үйіміз бірден қызып кетті. Пешті арнайы бөлмеге орнатқан. Сол жерден ыстық су батареялар арқылы үйді жылытып отырады. Ал жуынатын бөлмеге Ariston қойып берді. Соның арқасында жуынатын ыстық су бар", - дейді Әлдекеев.
Оның айтуынша, жаңа үйге кір жуатын машина да орнатылған. Ас үйде газ плитасы, тоңазытқыш, үстел мен орындықтар, ал жатын бөлмеде үлкен кереует бар.
© Петропавл қаласының әкімдігіАс үй бөлмесіне техника қойылған
Солтүстік Қазақстанда су тасқынынан зардап шеккендерге тұрғын үй берілді - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.06.2024
Ас үй бөлмесіне техника қойылған
"Ортопедиялық матрас та сыйлады. Енді, бұрынғы үймен салыстырғанда, бұл баспана жұмақтай, тап-таза, жып-жылы. Іші үлкен, 10 сотық жері бар. Биыл бау-бақша да егіп үлгеретін шығармыз. Осы демалыста картоп отырғызамыз, сосын жеміс-жидек егеміз. Ал үйдің артында немерелеріме ойын алаңын жасап беремін", - деп атап көрсетті Оразғали аға.

"Үйдің іші жарық, кең"

Жұлдыз Аманбайқызы да Ойқалада тұрған. Оның үйі шатырымен бірге судың астында қалды. Бұған дейін ол Sputnik Қазақстанға сұхбат беріп, қаладан пәтер алуды қалайтынын айтқан.
Комиссия оған Бірлік шағын ауданынан үш бөлмелі коттедж беруге шешім шығарды.
© Петропавл қаласының әкімдігіЖатын бөлме
Солтүстік Қазақстанда су тасқынынан зардап шеккендерге тұрғын үй берілді - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.06.2024
Жатын бөлме
"Иә, аллаға шүкір, жаңа үйімізді алдық. Подгарадағы үйіміз тұруға жарамсыз деп танылды. Жолдасымның аты Бірлік, тұратын шағын ауданымыз да "Бірлік" деп аталады (күлді). Үйдің іші жарық, кең, жиһазы мен техникасын қойып берді. Сыртында отын мен көмір сақтайтын қора бар. Қалғанын өзіміз жасап аламыз ғой", - дейді Жұлдыз.
Қазіргі кезде жаңа ауданның тұрғындары әлі толығымен көшкен жоқ. Біреулер үйдің іштен толығымен кепкенін күтсе, енді біреулер көлік қатынасы жағынан қиналып жүр. Қоғамдық көлік жиі жүрмейді, бір автобус бағдары жаңа ауданға таңертең және кешкі уақытта ғана кіреді. Себебі адам аз.
© Петропавл қаласының әкімдігіЖуынатын бөлмеге кір жуғыш машина мен аристон қойылған
Солтүстік Қазақстанда су тасқынынан зардап шеккендерге тұрғын үй берілді - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.06.2024
Жуынатын бөлмеге кір жуғыш машина мен аристон қойылған
"Бізде жеке көлік жоқ. Сондықтан автобусқа қарап отырмыз. Сол жағынан қиын болып тұр. Өткенде таксимен барғанда жатақханадан жаңа үйімізге дейін 12 шақырым көрсетіп тұрған. Ал менің жұмысыма дейін 20 шақырымдай болады екен. Енді, бізді әзірше жатақханадан әлі шығарып жатқан жоқ. Алдында күзге дейін тұруға болады деген. Қазір жаңа үйімізге барып, маңайдағы тіршілікті жасап жүрміз. Ескі дүниелерімізді апарып, отын тасып дегендей. Ақырындап ішін жуып-жинап жатырмыз. Бірақ толықтай әлі кірген жоқпыз", - деп атап көрсетті Жұлдыз Аманбайқызы.
© Петропавл қаласының әкімдігіСолтүстік Қазақстанда су тасқынынан зардап шеккендерге тұрғын үй берілді
Солтүстік Қазақстанда су тасқынынан зардап шеккендерге тұрғын үй берілді - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.06.2024
Солтүстік Қазақстанда су тасқынынан зардап шеккендерге тұрғын үй берілді
Жаңа ауданда асфальт әлі жоқ. Жергілікті билік жақын арада төсеп береміз деді. Ал үкімет су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға 2 мыңға жуық жаңа үй салып беруді жоспарлап отыр.
Президент встретился с эвакуированными жителями СКО - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.05.2024
Су тасқыны: Солтүстік Қазақстанда 200 үйдің құрылысы басталды
Жаңалықтар
0