Су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға 2 мыңға тарта үй салынып жатыр

© Photo : Қобда ауданы әкімдігіҚобдада су тасқынынан зардап шеккендерге арналған коттедждер қалай салынып жатыр
Қобдада су тасқынынан зардап шеккендерге арналған коттедждер қалай салынып жатыр  - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.06.2024
Жазылу
АСТАНА, 11 маусым – Sputnik. Қазақстанда су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға арналған 1 828 үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр. Бұл туралы үкімет отырысында өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев баяндады.
Оның айтуынша, су тасқыны салдарынан 18 005 жылжымайтын мүлік нысаны зардап шеккен деп танылды. Олардың 17 295-де сараптама нәтижесі бар.
"2 245 нысанның құрылысын жүргізу, жылжымайтын мүлік нарығынан 5 235 үй мен пәтер сатып алу, 9 819 тұрғын үйді жөндеу жоспарланған", - деді Қанат Шарлапаев.
Өнеркәсіп және құрылыс министрінің мәліметінше, баспанасынан айырылған азаматтарға тұрғын үй беру қағидасына түзетулер енгізілуіне байланысты БҚО-да тұрғын үй саны 4 042-ден 6 061-ге дейін өсті.
"Бүгінгі таңда елімізде 1 828 үйдің құрылысы басталды, бұл 81%-ды құрайды. Бұл ретте БҚО мен Ақмола облысында құрылыс жұмысы баяу жүргізіліп жатыр", - деді Шарлапаев.
Ақтөбе облысы мен БҚО-да әлі күнге дейін 2 122 үй су астында қалып отыр. ТК қорытындыларының жоқтығына қарамастан, меншік иелері үшін тұрғын үй салу және сатып алу бойынша шаралар қабылдануда.
Жылжымайтын мүлкі жарамсыз деп танылған қазақстандықтар үшін 1 943 нысан сатып алынды. Бүгінгі таңда 1 772 үйдің иелері төлем алды.
Ахуалдық орталық және Еңбек ресурстарын дамыту орталығы барлық кезеңдерде eGov және "Әлеуметтік көмек" ААЖ арқылы азаматтардан өтініштерді қабылдау және өңдеу процесін бақылайды. Цифрландыру есебінен іске асыру кезеңдері бөлінісінде мониторинг қамтамасыз етілді.
Әр өңірдегі жаппай құрылыс алаңдарында тәулік бойы онлайн қолжетімділігі бар 52 камера орналастырылған. Алдағы аптада Ақтөбе облысында қосымша 6 камера қосылады.
Жаңалықтар
0