https://sputnik.kz/20240610/qazaqstan-qytayga-126-mln-tonna-tauar-eksporttady-44863487.html
Қазақстан Қытайға 12,6 млн тонна тауар экспорттады
Қазақстан Қытайға 12,6 млн тонна тауар экспорттады
Sputnik Қазақстан
Бұл 2022 жылғы деңгейден 35%-ға артық 10.06.2024, Sputnik Қазақстан
2024-06-10T08:33+0500
2024-06-10T08:33+0500
2024-06-10T08:33+0500
қытай
қазақстан
тауар
экспорт
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/13/18706004_0:192:1024:768_1920x0_80_0_0_91bc324749cb7232445a91950c73fe40.jpg
АСТАНА, 10 маусым - Sputnik. Қытай Халық Республикасында көлік министрлігі, бизнес-компаниялар және басқа да мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен алғашқы Қазақстан-Қытай астық форумы өтті. Тараптар екі ел арасындағы тауар айналымының мүмкіндіктері, сондай-ақ экспорттық жүктерді жеткізу шарттарын талқылады.Көлік министрлігінің хабарлауынша, екі ел арасындағы жүк тасымалдау көлемі 2022 жылмен салыстырғанда 22%-ке өсіп, рекордтық көрсеткішке, яғни 28 млн тоннаға жетті.Осы ретте Қазақстаннан экспортқа 12,6 млн тонна жөнелтілді, бұл 2022 жылғы деңгейден 35%-ға артық.Тараптар сондай-ақ ҚХР-ға экспортты тасымалдау кезінде туындайтын мәселелерді анықтау және шешу үшін жұмыс тобын құруға келісті."Бүгінде Қазақстанның Қытайға жеткізілетін негізгі дақылдардың қатарында арпа мен бидай бар. Екі тараптың бірлескен жұмысының нәтижесінде 2023 жылы пандемиядан кейін Қытайға тасымалдауды қайта бастауға мүмкіндік туды. Бұл дәнді дақылдар экспортын 2,5 есеге арттыруға мүмкіндік берді. Мәселен, 2021 жылы шамамен 347 мың тонна, 2022 жылы 747 мың тонна, ал 2023 жылы 2 227 мың тонна экспортталды" - деп атап өтті Теміржол және су көлігі комитеті төрағасының орынбасары Нұржан Келбұғанов.
https://sputnik.kz/20240517/qazaqstan-men-qytay-arasyndagy-aue-reysterinin-sany-artady-44349963.html
қытай
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/13/18706004_0:0:1024:768_1920x0_80_0_0_dddf9e235892c2be0d23d4c5532f6cc7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қытай, қазақстан, тауар, экспорт
қытай, қазақстан, тауар, экспорт
Қазақстан Қытайға 12,6 млн тонна тауар экспорттады
Бұл 2022 жылғы деңгейден 35%-ға артық
АСТАНА, 10 маусым - Sputnik. Қытай Халық Республикасында көлік министрлігі, бизнес-компаниялар және басқа да мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен алғашқы Қазақстан-Қытай астық форумы өтті. Тараптар екі ел арасындағы тауар айналымының мүмкіндіктері, сондай-ақ экспорттық жүктерді жеткізу шарттарын талқылады.
Көлік министрлігінің хабарлауынша, екі ел арасындағы жүк тасымалдау көлемі 2022 жылмен салыстырғанда 22%-ке өсіп, рекордтық көрсеткішке, яғни 28 млн тоннаға жетті.
Осы ретте Қазақстаннан экспортқа 12,6 млн тонна жөнелтілді, бұл 2022 жылғы деңгейден 35%-ға артық.
"Сонымен қатар қазақстандық делегация Алашанькоу станциясының бонд аймағындағы дәнді дақылдар мен өсімдік майларын тасымалдау бойынша жаңа терминалдың жұмысымен танысты. Кездесу барысында тараптар тасымалдау технологиясы және қазақстандық агроөнімді қабылдауды ұлғайту туралы келісті", - делінген хабарламада.
Тараптар сондай-ақ ҚХР-ға экспортты тасымалдау кезінде туындайтын мәселелерді анықтау және шешу үшін жұмыс тобын құруға келісті.
"Бүгінде Қазақстанның Қытайға жеткізілетін негізгі дақылдардың қатарында арпа мен бидай бар. Екі тараптың бірлескен жұмысының нәтижесінде 2023 жылы пандемиядан кейін Қытайға тасымалдауды қайта бастауға мүмкіндік туды. Бұл дәнді дақылдар экспортын 2,5 есеге арттыруға мүмкіндік берді. Мәселен, 2021 жылы шамамен 347 мың тонна, 2022 жылы 747 мың тонна, ал 2023 жылы 2 227 мың тонна экспортталды" - деп атап өтті Теміржол және су көлігі комитеті төрағасының орынбасары Нұржан Келбұғанов.