Қазақстан мен Қытай арасындағы әуе рейстерінің саны артады

© AP Photo / Armando FrancaСамолет в небе
Самолет в небе - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.05.2024
Жазылу
Рейстер Boeing 737 (сыйымдылығы 128-ден 178 орынға дейін) ұшақтарында орындалады
АСТАНА, 17 мамыр – Sputnik. 30 мамырдан бастап "China Southern Airlines" әуе компаниясы Астана – Үрімші бағыты бойынша рейстер санын аптасына 2-ден 3 рейске дейін арттыруды жоспарлап отыр, деп хабарлады Көлік министрлігі.
Рейстер Boeing 737 (сыйымдылығы 128-ден 178 орынға дейін) ұшақтарында орындалады.
"Осылайша, Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылғы қазандағы Қытайға сапарының қорытындысы бойынша елдер арасындағы рейстердің жалпы саны аптасына 27-ден 43-ке дейін ұлғаяды", - делінген хабарламада.
Қазақстан мен Қытай арасындағы рейстер санының артуы елдер арасындағы туристік, мәдени, инвестициялық және іскерлік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға, сондай-ақ халықаралық әуе тасымалы нарығындағы бәсекелестіктің артуына және әуе билеттері бағасының төмендеуіне ықпал етеді.
Жаңалықтар
0